ЖОО оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

ЖОО оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі

ЖОО оқытушылары мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өседі
ашық дереккөзі
51041
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Үкімет қаулысына қол қойды. Құжатта жазылғандай, енді мына мамандардың жалақысы өседі: - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан басқа білім беру ұйымдарының педагогтері: - мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамы және басшы қызметкерлері; - стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналының жұмыскерлері; - медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда, азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйым қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорын жұмыскерлері. Қаулыға сай, аталған санаттағы қызметкерлердің лауазымдық айлықтары енді келесі коэффициенттерді қолдана отырып есептеледі: - 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде; - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде; - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде; - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде. Ал, Қорғаныс министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жалақысы мына коэффициенттерді қолдана отырып көтеріледі: - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде; - 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде; - 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде. Қаулы 1 тамыздан бастап күшіне енеді және ол биыл 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Серіктес жаңалықтары