Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлаған әйел ұсталды

Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлаған әйел ұсталды

Алматы облысында баланың аузы мен қолын байлаған әйел ұсталды
ашық дереккөзі
50297
Алматы облысы Қырғауылды ауылында жеткіншек қызды көршісі қараусыз қалған жерге апарған әйел ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, тексеру барысында 23 жастағы әйелдің қайда жүргені анықталған. Ол Жамбыл облысы ауылдарының бірінен ұсталып, арнайы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Қылмыстық кодекстің 126-бабының 2-бөлігі 5-тармағы (кәмелетке толмаған баланы бас бостандығынан заңсыз айыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті тергеу жұмысы жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Қарғалы ауылында жас келіншек кішкентай қыздың аузы мен қолын байлап, иесіз үйге апарып ұрған болатын. Кейін полиция әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Серіктес жаңалықтары