Желіде айқайлап көмек сұраған ақтаулық қыздың видеосы тарады

Желіде айқайлап көмек сұраған ақтаулық қыздың видеосы тарады

Желіде айқайлап көмек сұраған ақтаулық қыздың видеосы тарады
ашық дереккөзі
50313
Желіде Ақтауда көшедегілерден айқайлап көмек сұраған қыздың видеосы тарады. Кадрлардан ер адам оның қолынан ұстап тұрғанын көруге болады, ал қыз «көмектесіңдер» деп айқайлайды. Маңғыстау полициясы видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 11-шағынаудандағы Ынтымақ алаңында болған.
«20 шілдеде сағат 02:30 шамасында "102" кезекшісінің пультіне белгісіз адам жәбірленушіге қауіп төндіріп, одан «Samsung» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы шақыру келіп түсті. Осылайша, күдікті 100 мың теңгеге материалдық шығын келтірді, - деп хабарлады ведомстводан.
Күдікті анықталып, оны ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Бұл факт ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (тонау) бойынша Ақтау қаласы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп қосты тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары