50446
Ерлан Қошанов: «Мәжіліс – еліміздегі ең ашық алаң»
Ерлан Қошанов: «Мәжіліс – еліміздегі ең ашық алаң»
Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов «Время» газетіне сұхбат берді. Онда VIII шақырылымдағы Мәжілістің бірінші сессиясының қорытындысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары аясындағы өзгерістер, аз уақыт ішінде қабылданған маңызды заңдар, Мәжілістің жаңа құрамы және депутаттардың жаңартылған форматтағы жұмысы туралы айтылды.
Мәжіліс спикері қазіргі саяси процестерге қатысты да өз пікірімен бөлісті.
«Қазіргі саяси өзгерістер еліміздің тұрақты дамуының негізгі факторы. Президенттің әр жеті жыл сайын сайлануы және оның жақын туыстарына белгілі бір шектеулер қойылуы ерекше мәнге ие. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жасалған бұл қадам саяси реформаларға ерекше бағыт беріп, азаматтар тарапынан оларға деген жоғары сенімді қамтамасыз етті», - деді ол.Ерлан Қошанов енді алдағы жеті жылда азаматтардың саясат пен экономикада ашылған перспективаларды белсенді пайдалануы маңызды екенін атап өтті.
«Қазір Мәжіліс ерекше рөлге ие. Ол депутаттар халықтың ең өзекті мәселелерін көтеретін және елдің алға жылжуын қамтамасыз ететін, маңызды заңдар қабылданатын орынға айналуы тиіс. Бұл жұмыс қазірдің өзінде жүргізілуде», - деді Мәжіліс төрағасы.Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.