50588
Құранды өртеу: наразы топ Швеция елшілігіне басып кірді
Құранды өртеу: наразы топ Швеция елшілігіне басып кірді
Стокгольмде Құранның көшірмесін өртеген азаматтың әрекеті үшін наразы топ бейсенбі күні таңда Бағдаттағы Швеция елшілігіне басып кірген.
Швецияның СІМ мәліметінше, ондағы барлық қызметкер қауіпсіз аймаққа көшірілген.
Тарап жатқан видеода оншақты ер азаматтың қақпадан секіріп өтіп, ішкі есікті сындыруға талпынып жатқанын көруге болады. Басқалары елшілік территориясында от жаққан.
Швеция билігі елшілікке шабуылды Вена конвенциясын бұзу деп атап, Ирак билігін «дипломатиялық миссия мен қызметкерлерді қорғауға» шақырды.
Ирак сыртқы істер министрлігі шабуылды сынап, тез арада шара қабылдап, тергеу жүргізетіндерін мәлімдеді.