Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек – спорт қайраткері

Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек – спорт қайраткері

Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек – спорт қайраткері
ашық дереккөзі
50361
КСРО құрама командасында ойнаған тұңғыш қазақ футболшысы бұл құрметке әбден лайық! ... Бүгін ардақты Сейілда Байшақовты мәңгілік мекеніне  қондырдық.  КСРО құрама командасына алынған тұңғыш қазақ футболшысы Қазақ футбол өнерін әлемдік деңгейде насихаттай алған Сейілда енді қайта оралмайды бізге.  Бірақ оның өшпес аты қалды, аяқдоптағы аңыз боп айтылар шеберлігі қалды, Қазақстан футболын өркендету  жолында төккен өлшеусіз тері қалды.  Ғажап футболшы, кереметтей азамат, талассыз қайраткер,арадан қыл өтпеген досым Сейілдамен қоштасу жиынында мен айтқан сөздің тобықтай түйіні мынау еді: "СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ БҮКІЛ СПОРТТЫҚ  ҒҰМЫРЫН ӨТКІЗГЕН АЛМАТЫДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА СЕЙІЛДА БАЙШАҚОВ ЕСІМІН БЕРУ КЕРЕК!" Мен бұл қысқа болса да шын жүректен шыққан ҰСЫНЫСЫМДЫ ҚР Үкіметіне, Мәдениет және спорт министріне, Алматы қаласының әкіміне, ҚР футбол федерациясының президентіне жолдаймын!

Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, спорт журналисі, жазушы, спорт қайраткері.

Серіктес жаңалықтары