Астанадағы аудандарда интернет мәселесі шешіліп келеді

Астанадағы аудандарда интернет мәселесі шешіліп келеді

Астанадағы аудандарда интернет мәселесі шешіліп келеді
ашық дереккөзі
50334
«AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов бастаған республикалық сайлауалды штаб мүшелері биыл интернет жылдамдығының мәселесін шешуде атсалысып келеді. Астана қаласының әкімдігі инвесторлармен бірлесіп, 2023 жылға арналған елорданың тұрғын алаптарында талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату жөніндегі Жол картасын бекітті. Елордада 16 тұрғын алабы және 1 саяжай алабы бар. Мұндағы мәселе – елді мекендерде кабельдік кәріздің болмауы. Өткен жылы әкімдік электр желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) жүргізу туралы шешім қабылдады. Қазір «Астана-АЭК» пен бірлесіп инвесторлардың толық қаржыландыру есебінен елорданың елді мекендерінде электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды. Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернет және сандық теледидар қызметтері ұсынылады. Инвесторлар жарықтандыру тіректері мен электр желілері арқылы өтетін заманауи GPON технологиясын пайдаланады. Астана қаласы Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы ұсынған мәлімет бойынша, Железнодорожный, Заречный, Пригородный, Көктал-2 жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Ал Көктал-1, Үркер, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында ТОБЖ салу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Агроқалашықтың, Интернациональный, Күйгенжар, Промышленный, Тельман, Мичурин, Казгородок, Кирпичный, Қоянды саяжайы, Өндіріс алаптарында оптикалық байланыс желілерін тарту үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Мысалы, Сарыарқа ауданында «Казахские домашние сети» ЖШС инвесторы Көктал-1, 2, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары үшін интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бүгінгі күнге дейін Көктал-1-де 45 шақырым көше кабелі тартылып, 120 абонент қосылды.  Ал Көктал-2 т/а бойынша 30 шақырымнан астам кабель тартылып, 102 абонент қосылды. Айта кетейік, мұнда алғашқы абоненттер өткен жылдың қараша айында қосылған еді.  width= Аграрлық қалашық бойынша 10 шақырым тартылды. Абоненттерді қосу 2023 жылдың маусым айының соңына дейін жоспарланған болатын. Көктал-2 тұрғын үй алабының тұрғыны Әйгерім Кенжебай аумақтағы интернет жылдамдығына қатысты пікірін білдірді.
«Былтыр қараша айында алғашқылардың бірі болып жылдамдығы жоғары интернетке қол жеткіздік. Кабельді интернет отбасы үшін өте тиімді әрі арзан. Wi-Fi құрылғысымен отбасының барлық мүшесі интернетке еш кедергісіз қосыла алады. Бүгінгі таңда интернет байланысының құны 2,5-5 мың теңге тұрады. Отбасы мүшелерінің әрқайсысын қосқанда оның құны шамамен 8-9 мың теңге. Ал үйдегі кабельді интернетке бар-жоғы 5-6 мың теңге төлейміз. Сондықтан талшықты-оптикалық интернет байланысы отбасылық бюджет үшін ұтымды», - деді ол.
Есіл ауданындағы Тельман тұрғын алабы мен Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабы үшін бұл жұмысты «Synergy Telecom« ЖШС инвесторы жүргізеді.  width= Үркерде қазіргі кезде 46 км көше кабельдері тартылып, 170 абонент қосылды. 35 өтініш бойынша жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, 290-нан астам үйді қамтитын көшелерде микротүтікшелерді пайдалана отырып желілер салу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл -  Малайсары батыр, Таукент, Ер Төстік, Мәди, Мұрын Жырау, Омба, Сырым батыр, Бойтұмар, Жасыбай, Смағұл Сәдуақасов көшелері.
«Интернетке қосылу тегін түрде жүзеге асырылды. Өткен жылы желтоқсан айында өтініш берген болатынбыз. Жылдамдығы бойынша көңілімнен шығады. Тарифтік жоспары жылдамдыққа байланысты 4 500 теңге және 6 500 теңге аралығы. Жылдамдық 50 Мбит/с-тен 100 Мбит/с дейін. Отбасымызда адам саны көп болғандықтан ең көбін таңдадық», - деді жергілікті ауданның тұрғыны Нұрлан Жарас.
Инвестор «Казахские домашние сети» ЖШС Алматы ауданындағы Оңтүстік-шығыс (оң жағы), Промышленный тұрғын алабында 35 шақырым көше кабельдерін тартып, 10 абонентті қосты. Алда тағы қала бойынша 12 000-нан астам абонент қосылмақ. Инвестициялардың жалпы сомасы 2,52 млрд теңгені құрайды. Жоспарланып отырған оптикалық байланыс желілерінің көлемі 665 шақырым болмақ.

Серіктес жаңалықтары