Ұйқы, жад, ген: мидың біз білмейтін 4 құпиясы

Ұйқы, жад, ген: мидың біз білмейтін 4 құпиясы

Ұйқы, жад, ген: мидың біз білмейтін 4 құпиясы
ашық дереккөзі
51058
Адам миының жұмбақ болғаны соншалық, оны тіпті неврологтардың өзі толығымен зерттей алмай жатыр. Философиялық тұрғыдан алғанда, бұл органның барлық құпияларын ашу мүмкін емес. Өйткені кез келген жағдайда таным құралы басқа адамның миы болып қала береді. Мұның бәрі кедергі келтіргенімен, ғалымдар миды зерттеуден бас тартқан жоқ. Бүгінде мидың қандай бөліктерден тұратыны және әр бөліктің не үшін жауап беретіні белгілі, алайда кейбір сұрақтар әлі де жауапсыз.

Ген немесе тәрбие

 width= 30 жыл бұрын зерттеушілер адамның бойындағы барлық қасиеттер табиғи жолмен беріледі дегенге келіскен. Яғни, егер адам ұры немесе адам өлтіргіш болса, онда бұл адамға ген арқылы берілген деген сөз. Ал адамның өзі ғылыми тұрғыда өз істеріне кінәсіз, жауапкершілік алмайтын болып саналды. Сол кезде мұндай көзқарас ерік бостандығын жоққа шығарды. Бірақ ХХ ғасырдың аяғында ғалымдардың ойы екіге бөлінді. Екінші тұжырым бойынша, адамның болашақта қандай болатыны оның қай отбасында өскеніне, ата-анасымен қандай қарым-қатынаста болғанына және оған не үйреткеніне байланысты деген қорытынды шығады. Бұл қарама-қарсы пікірлер әлі де бар және психологтар мен неврологтар осы уақытқа дейін бір ойға тоқтай алмауда. Ғалымдар үшін бұл мәселені зерттеудің ең жақсы құралы – біржұмыртқалы егіздер болды. Туғаннан бастап бірдей гендер жиынтығы бар адамдар әртүрлі зерттеулерге қатысып, ғылымға жеке тұлғаның шығу тегі туралы түсінік алуға көмектесті. Огайо штатында жыл сайын неврологтар конгресі өтеді, бұл мамандарға осы саладағы жаңалықтарды талқылауға мүмкіндік береді. Талқылаудың негізгі тақырыбы – әлі де осы егіздер туралы. Олар егіздерді ХХ ғасырдың ортасында ғана зерттей бастады. Алайда адамзат бір эксперименттің нәтижесін тек 43 жылдан кейін біле алады. 1960-80-жылдары балалар психиатры Питер Нойбауэр осы бағыттағы зерттеуін бастады. Онда балалар үйінде тұратын егіздер мен үшемдер бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі отбасыларға берілді. Психиатр бұл балалардың қалай өмір сүргенін, қалай өскенін және шешімді қалай қабылдайтынын қадағалады. Жасырын эксперимент ережесі бойынша балаларды асырап алған ата-аналар оларға шындықты айтпады. Қоғам эксперимент туралы білген кезде, халық Нойбауэрді балаларды ғылым жолында пайдаланды деп сынай бастады. Ғалымнан олар субъектілердің қайта қосылуына мүмкіндік беруін талап етті. Осыдан кейін Нойбауэр эксперимент нәтижесін жариялайтын уақыт әлі болмағанын түсініп, оны капсулаға салып, Йель университетінде сақтады. Оны 2066 жылы ғана ашуға болады. Айта кетейік, эксперименттің екі қатысушысы 35 жастарында кездесті. Олар болған оқиға туралы пікірлерін айтып, геннің адамның танымына, мінезіне және қоршаған ортаға бейімділігіне әсер ететінін жоққа шығармады және өздерінің өмірін мысалға келтірді. Олардың екеуінің де таңдағаны бір мамандық болмаса, басқа қырынан бір-біріне ұқсамайтын мүлдем басқа адамдар еді.

Ми неліктен жұмысын тоқтатады

 width= Дегенеративті аурулардан зардап шегетін адамдарда ми жасушаларының неліктен өлетіні ғалымдарға әлі белгісіз. Бұл жасушалардың жойылуын қалай алдын алуға болатыны да жұмбақ. Мысалы, адамға Альцгеймер диагнозы қойылғаннан кейін олардың миында түзілімдердің екі түрі анықталады: амилоидты бляшкалар және нейрофибриллярлық шиеленістер. Олардың ауру күшейгеннен кейін немесе одан бұрын пайда болғаны – белгісіз. ХХ ғасырдың аяғында Джордж Буш өткен ғасырдың соңғы он жылын «мидың онжылдығы» деп атады. Осы он жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылғанына қарамастан, көптеген ми аурулары әлі де толық зерттелген жоқ. Мысалы, адамзат шизофрения, паркинсон, хантингтон ауруы және бұлшықет дистрофиясы қай жерде және қалай пайда болатынын әлі білмейді. Неліктен мидың белгілі бір уақытта қалыпты жұмысын тоқтататынын білу үшін оның қалай жұмыс істейтінін түсіну керек. Бүгінгі таңда ғалымдар мидың әр бөлігі не үшін жауап беретінін жақсы түсінгенімен, олар осы күрделі жүйелердің барлығы бір-біріне қалай сәйкес келетінін және мидағы барлық процестер неліктен жылдам жүретінін білмейді. Неврология осы сұрақтарға жауап бермейінше, психикалық және ми ауруларын емдеу екіталай.

Ұйқы не үшін қажет

 width= Жасыратыны жоқ, адамға толыққанды ұйқы қажет, онсыз денсаулық проблемалары болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар әлі күнге дейін ұйқының нақты рөлі қандай екенін білмейді, неге адам өзін сергек сезінуі үшін 7-8 сағат ұйықтауы керек екенін де нақты айта алмайды. Зерттеу нәтижелері ұйқының есте сақтау қабілетін жақсартатынын дәлелдеді. Сабақ алдында жақсы ұйықтайтын студенттер ақпаратты жақсы есте сақтап, сіңіретін көрінеді. Алайда ұйықтап жатқанның өзінде ми демалмайды: ол жұмыс істеп тұрады, пайдалы ақпаратты құрылымдайды, қажетсізін жояды.

Жад қалай жұмыс істейді

 width= Ғалымдар естеліктердің қалай пайда болатынын, сақталатынын және жойылатынын толық зерттеген жоқ. Жадтың көптеген түрі бар және естеліктердің маңыздылығы арасында да үлкен айырмашылық байқалады. Десе де адам бір уақытта сүйікті тағамының рецептін, пәтерінің нөмірін және электрондық поштасының құпия сөзін есте сақтай алады. Сөйте тұра, ол біреудің атын немесе сыртқы келбетін ұмытып кетуі мүмкін. Мидың қандай ақпаратты сақтау керектігін және қайсысын сақтамайтынын қалай анықтайтыны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары