50419
Риддер ЖЭО-сын жөндеуге 8,3 млрд теңге бөлінеді
Риддер ЖЭО-сын жөндеуге 8,3 млрд теңге бөлінеді
14 шілдеде Энергетика министрінің жылу беру кезеңіне дайындық жөніндегі үйлестіру штабының отырысын өткізу мақсатында Риддер жылу электр орталығына (ЖЭО) сапармен барды, деп хабарлады turkystan.kz.
ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖЭО-да барлығы 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. Биыл 6 қазандықты жөндеу жұмыстары ұйымдастырылды. 8 мердігер және 3 жобалық ұйым тартылды. Қазандықтарды жөндеуден басқа, бүгінгі күні отын беру, бойлерлерді күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. График бойынша № 1, 2, 4 қазандықтарды жөндеудің аяқталу мерзімі 2023 жылдың 15- қыркүйегіне дейін, № 3, 6 қазандықтар 2023 жылдың 15 қазанына, №5 қазандық 2023 жылдың 15 қарашасына дейін жоспарланған.
Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық маманы жұмылдырылды.
Министрлік Үкіметпен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлу мәселелерін шешті.
Министр жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар багерлік сорғы, турбиналық цех, мазут сорғы жөндеумен қамтылмаған. Күл үйіндісі бойынша шешімді жеделдету қажет.