«Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды

«Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды

«Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды
ашық дереккөзі
50499
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова әйелдер көшбасшылығы жайында ойымен бөлісіп, елімізге көшбасшы әйелдер неге керек екенін, сондай-ақ «Tomiris» жобасы туралы айтты. Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» жобасының бірегейлігі - оның заманауи қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, әйелдердің қоғамның кез келген саласына белсенді араласуына жағдай жасауға бағытталуында. «Tomiris» оқу бағдарламасы қатысушыларға әйелдің қоғамдағы және саясаттағы мүмкіндіктеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
«Мен саясаттағы осы әйелдер қоғамдастығының өкілі ретінде бүгінгі таңда қоғамда жалпы үш бағыттағы сұраныстың орны ерекше екенін атап өткім келеді. Бірінші – қауіпсіз қоғам. Яғни қоғамда балаға да, үлкенге де, әйелге немесе ер азаматқа да қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін қоғам қажет. Екінші – әлеуметтік экономикалық жауапкершіліктер жүзеге асырылатын қоғам. Үшінші – мәдени, рухани, тәрбие құндылықтары жүзеге асырылатын қоғам. Осы үш бағытта да біз қазақ әйелдерінің орны ерекше екенін атап өткім келеді. Жалпы сайланбалы қызметтерде, саясатта әйелдердің үлес санының көп болуы – сол қоғамдағы гуманизмнің, сол қоғамдағы саяси толеранттылық пен саяси мәдениеттің көрсеткіші болып табылады. Сондықтан осы орайда біз елімізді дамыту үшін, еліміздің саяси қоғамдық дамуын күшейту үшін сіздерді де осы бағдарламаға шақырамын», - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Көшбасшы әйелдерге арналған «Tomiris» жобасының екінші легіне іріктеу басталды және ол 15 шілде күнгі Астана уақытымен 18:30-ға дейін жалғасады. Өтінім формасы мен бағдарлама туралы толық ақпарат https://taplink.cc/apm.amanat.

Серіктес жаңалықтары