51264
Түнде тіс тазалаудың жүрекке де пайдасы бар – зерттеу
Түнде тіс тазалаудың жүрекке де пайдасы бар – зерттеу
Ұйықтар алдында тіс тазалау – оның саулығына ғана емес, сонымен қатар жүрек жұмысын жақсартады. Жапондар жүргізген зерттеу нәтижесіне сүйенсек, түнде тісті тазаламау жүрек ауруының қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсетті. Scientific Reports журналында жарияланған материалдың қазақша аудармасын ұсынып отырмыз.
News Medical зерттеуі тіс тазалау мен жүрек ауруының қаупі арасындағы байланысты анықтауға бағытталған.
Зерттеу жұмыстарына Жапониядағы Осака университетінің ауруханасында жатқан 1 675 пациент қатысты.
Қатысушылар төрт топқа бөлінді:
- таңертең және кешке, яғни күніне екі рет тістерін тазалағандар;
- түнде ғана тістерін тазалағандар;
- таңертең ғана тазалағандар;
- тістерін мүлде тазаламағандар.
Зерттеушілер қатысушылардың жасын, жынысын және темекі шегу тарихын да назарға алған. Сонымен қатар қатысушылардың медициналық жазбаларын төрт тәуелсіз зерттеуші ретроспективті түрде талдады.
Зерттеу жүрек қағысының бұзылуы, инфаркт, кеудедегі ауырсыну, жүрек клапанының аурулары және хирургиялық араласуды қажет ететін жүрек-қан тамырлары ауруларына бағытталған.
Күніне екі рет тісін тазалағандар және түнде ғана тісін тазалаған адамдар мүлдем тазаламағандарға қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларынан аман қалудың айтарлықтай жоғары (бағалау) көрсеткіштеріне ие болды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, тісті таңертең ғана тазалау жеткіліксіз. Ал түнде тазалау өте маңызды екенін анықтады.