50528
Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі
Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі
Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жоба аясында жаңа туған сәбилерге ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) бірден беріледі.Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш бергеннен кейін ғана берілетін. Бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Содан кейін ішкі істер органдарымен балаға ЖСН жасалып, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін. Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, соның негізінде ЖСН қалыптасады. Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі:
- Бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
- Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
- Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.