Алматы облысында екі шетел азаматының денесі табылды

Алматы облысында екі шетел азаматының денесі табылды

Алматы облысында екі шетел азаматының денесі табылды
ашық дереккөзі
50176
Қаскелеңде жеке үйлердің бірінен пышақ жарақатын алған екі ер адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz.
«26 маусым күні сағат 00:50-де Қарасай аудандық полиция бөліміне 1979 жылы туған азамат С.-дан Қаскелең қаласындағы жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаттарымен екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша аудандық ішкі істер басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, соталды тергеу басталды» деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Instagram-дағы парақшасында.
Полицейлер қаза тапқандардың 1989 және 1996 жылы туған Тәжікстан азаматтары екенін анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен сол республиканың 1980 жылы туған азаматы ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары