«Көмекке мұқтаж спортшы көп»: Ильин Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Көмекке мұқтаж спортшы көп»: Ильин Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді

«Көмекке мұқтаж спортшы көп»: Ильин Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
50198
Илья Ильин Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында әріптесі, 35 жастағы қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың өліміне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Спортшы Владимир Седовтың отбасына көңіл айтып, бұл спорт әлемі үшін орны толмас қаза екенін жеткізді.
«Өкінішке қарай, кейінгі жылдары біздің арамыздағы байланыс үзіліп қалды. Ара-тұра ортақ таныстарым арқылы оның жағдайын біліп тұратынмын. Бәрі жақсы сияқты көрінетін... Бұлай болғаны өте өкінішті. Жеке мәселелер көңіл қалғандықтан болады. Владимирдің тарихын білетінмін. Оның өз проблемалары бар еді. Өкінішке қарай, жігіт өмірден жас кетті. Туған-туыс, жақындары мен достарына қайғыра көңіл айтамын. Бір-біріңді бағалаңдар. Қазір бәріне ауыр, дегенмен жақындарымызға жанашыр болайық», - деді ол.
Илья Ильин 2021 жылы 25 жаста тағы бір ауыр атлет Альберт Линдер де осылай өмірден өткенін еске салды.
«Бұл екінші жағдай. Әлемдік ауыр атлетикада да, еліміздегі жағдай да өте ауыр. Бізде күрделі мәселелерді көрмейді. Адамдар айлықсыз, жұмыссыз отыр. Олардың жағдайына ешкім мән бермейді. Бір жерге барасың, сені жылы шығарып салады. Отбасыңда проблемалар туындайды, себебі асырауың керек. Федерацияның өз проблемалары бар. Мен қолымнан келгенше жігіттерді қолдауға тырысамын. Бірақ жалғыз өзім не істей аламын? Қазір 30 шақты адам жұмыссыз отыр. Оларды не істейміз? Міне, мәселе осында. Олар спортшыларды алып тастайды, әрі қарай тағдыры не болып жатқанынан ешкім хабарсыз», - деді спортшы.
Владимир Седовтың өлімі қоғам үшін дабыл болу керек дейді төрт дүркін әлем чемпионы.
«Бір-бірімізге мән беретін уақыт жетті. Біз адамгершілік пен  жанашырлыққа ұмтылуымыз қажет. Өзгеруіміз керек. Федерацияға жаңадан басшылық келді. Өзгерістер болады деп үміттенемін. Әрекетпен көрсету керек, ашық диалог жүргізу қажет. Сол арқылы ғана осы жағдайларды шеше аламыз. Қазір көмекке мұқтаж спортшылар көп, соларды құтқару керек», - деді Ильин.

Серіктес жаңалықтары