Елордада Kitap Fest кітап фестивалі өтеді

Елордада Kitap Fest кітап фестивалі өтеді

Елордада Kitap Fest кітап фестивалі өтеді
ашық дереккөзі
50572
Елордада «Baurzhan foundation» қоры, Астана қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияларды дамыту орталығы» МКҚК қолдауымен Kitap Fest кітап фестивалі өтеді. «Kitap fest» кітап фестивалі – Қазақстанда 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан ең ірі мәдени-бұқаралық іс-шара. 9 жыл ішінде ол шығармашылық жазушылық кездесулердің беделді және қуатты алаңына, сондай-ақ отбасылық мерекеге айналды. Фестиваль өткен жылдары белгілі қазақстандық авторлар мен баспалардың қатысуымен 300-ден астам кітап таныстырылды. Кітап фестивалі қарапайым кітап алмасудан мәдени-ағартушылық іс-шараға айналып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болды. Астана қаласында Kitap fest алғаш 2019 жылы өтті. Биыл астаналықтарды Елорда күніне арналған ауқымды бағдарлама күтіп тұр. Мерекеде белгілі жазушылар және блогерлермен кездесулер күтіледі. 30-дан астам дүкен, баспалар мен интернет-дүкендер тұтынушыларға фестиваль аясында арнайы жеңілдіктер ұсынатын кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, қонақтар оқыған кітаптарын әлі оқымаған кітаптарына айырбастай алады. Ең кішкентай келушілерді тегін ойын-сауық бағдарламасы күтеді.

Серіктес жаңалықтары