Басыңыз ауыр ма? Мигрень болуы мүмкін: невропатолог кеңесі

Басыңыз ауыр ма? Мигрень болуы мүмкін: невропатолог кеңесі

Басыңыз ауыр ма? Мигрень болуы мүмкін: невропатолог кеңесі
ашық дереккөзі
51077
Түрік невропатологы созылмалы мигреньге шалдықпау үшін алдын алу шараларын қадағалаудың маңыздылығын атап өтті. Невропатолог Вугар Кафердің айтуынша, соңғы деректерге сәйкес, әлем халқының шамамен 12%-ы мигреньнен зардап шегеді. Мигреньге генетика және қоршаған орта факторлары әсер етеді. Ал бұл дерт адамдардың күнделікті өмірінде айтарлықтай қолайсыздықтар келтіреді. Medisana Healthcare Group неврология бөлімінің маманы Кафер дерт бүкіл әлемде, оның ішінде Түркияда кең таралғанын атап өтті. Оның айтуынша, әдетте мигреньмен әйелдер жиі ауырады. Мысалы, Түркияда әр 5-ші әйелдің бас сақинасы ұстайды. Бір қызығы, бұл дерт, тіпті, балаларда да болуы мүмкін. Оған дәліл, әр 11-шы баланың басы ауыратындығы анықталған. Кафердің айтуынша, мигрень адамдардың жеке және әлеуметтік өміріне айтарлықтай әсер ететін әлемдегі ең кең таралған аурулардың ондығына кіреді. Оны уақтылы емдеу арқылы жағымсыз әсерін азайтуға болады. Кафер басы қатты ауырып жүрген адамдарға дертті асқындырмау үшін міндетті түрде дәрігердің қабылдауына жазылуға кеңес берді. Фаст-фуд, кофе мен шоколадты шамадан тыс тұтыну, жарық пен қатты дыбыстар мигреньді асқындыруы мүмкін. Тіпті, жержаңғақ немесе сарымсақ сияқты кейбір өнімдердің әсерінен ауру асқынуы ықтимал. Сонымен қатар Кафердің атуынша, адамзат мигреньді емдеуде айтарлықтайжетістікке қол жеткізді. Яғни, емдеу барысында жақсы нәтижеге жету 80 пайызға артты. Қазір оған қарсы дәрі-дәрмектер ауырсынуды жақсы басады. Сондай-ақ вакцина да жақсы нәтиже көрсеткен.

Серіктес жаңалықтары