Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысы басталды

/
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысы басталды
ашық дереккөзі
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған ақындар айтысы басталды Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, Алаш қайраткері, солтүстіктің тумасы Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне – 130 жыл. Осыған орай бүгін Петропавлда «Тұранның тұғырлы тұлғасы» атты халықаралық ақындар айтысы басталды деп хабарлады turkystan.kz. Халықаралық айтыс С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында ұйымдастырылды. Сөз бәйгесіне елімізге танымал ақындардан бөлек Қытай, Қырғыз, Өзбекстан және Моңғолия елдерінен де айтыскерлер қатысып, өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Бас жүлде – темір тұлпар.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары