Есірткімен ұсталған жұлдыздарды қалай жазалайды?
Күні кеше танымал әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.
Ал шетелде шоу бизнес өкілдері мас күйінде және есірткі тасып жүріп ұсталса қандай жаза қолданады?
Көрнекті мысалдардың бірі – америкалық актриса
Пэрис Хилтон. 2006 жылдың қыркүйегінде Пэрис Хилтон мас күйінде көлік жүргізгені үшін полиция қызметкерлеріне ұсталды. Сот шешімімен оған 1150 доллар айыппұл салып. Сондай-ақ 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 2007 жылы актриса тағы да мас күйінде көлік жүргізгендігі үшін 45 тәулікке қамауға алынған.
[caption id="attachment_225769" align="alignnone" width="1205"]

Фото:mavink.com[/caption]
2006 жылы актер және режиссер
Мэл Гибсон Калифорния штатының Малибу қаласында мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жылға шартты түрде сотталды. Сот шешімімен актер 1300 доллар айыппұл төлеп, 90 күнге көлік жүргізу құқығынан айырылған.
[caption id="attachment_225770" align="alignnone" width="1205"]

Фото:mavink.com[/caption]
Актриса
Линдси Лохан есірткі сақтағаны үшін және мас күйінде көлік жүргізуіне байланысты заң алдында бірнеше рет жауап берді. Мысалы 2007 жылы ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 күнге қамауға алынды. Сондай-ақ 10 күн қоғамдық жұмыстарға тартылды. Оның ішінде 2 күнді белгілі актриса мәйітханада өткізуі тиіс еді. Бірақ актриса шартты орындамаған. Сондықтан ол тағы да 90 тәулікке қамауға алынды.
[caption id="attachment_225771" align="alignnone" width="1205"]

Фото:mavink.com[/caption]
Канадалық поп-жұлдыз
Джастин Бибер 2014 жылы мас күйінде спорттық көлікті басқарғаны үшін қамауға алынды. Ол сондай-ақ полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен. Бибер кінәсін толықтай мойындағаннан кейін 2,5 мың доллар кепілдікке беріп, бостандыққа шыққан.
[caption id="attachment_225772" align="alignnone" width="1280"]

Фото:YouTube[/caption]
«Один дома» фильмінде басты рөлді сомдаған актер
Маколей Калкин 2004 жылы тыйым салынған заттарды сақтағаны үшін қамауға алынды. Бірақ 4 мың доллар кепілдікпен босатылды.
[caption id="attachment_225773" align="alignnone" width="1205"]

Фото:allnews.ge[/caption]