Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды

/
Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды
ашық дереккөзі
Талдықорған білім бөлімі экс-басшысының денесі өзеннен табылды Талдықорғанның білім саласын басқарған Роза Барманованың денесі Қаратал өзенінің жағасынан табылды деп хабарлады turkystan.kz. Өлімге не себеп болғаны анықталып жатыр.
«Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қаратал өзенінен табылды. Факт қала полициясында ресми түрде тіркелді. Тиісті тексерулер бекітілді. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Өлімге не себеп болғаны анықталады», –  деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетсек, Роза Барманова қалалық білім бөлімін 2016-2022 жылдар аралығында басқарған.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары