58121
Көздің қызаруы, белгілері мен емі қандай?
Көздің қызаруы, белгілері мен емі қандай?
Көздің қызаруы – адамдарда жиі кездесетін жағдай. Оған түрлі фактор әсер етеді. Мысалы, ұйқының қанбауы, күннің түсуі немесе аллергия, сапасыз көзілдірік пен түрлі бояулар көздің қызаруына алып келеді.
Көздің ақ бөлігінің үстінде және қабақтың ішінде орналасқан конъюнктиваның қабынуынан көз қызарады.
Көз неге қызарады?
- климаттық фактор – күн сәулесі, қатты жел, құрғақ ауа;
- теледидар немесе компьютер алдында ұзақ отыру;
- аллергиялық реакция: косметикаға, тұрмыстық химияға, түтін, үй жануарларына;
- дұрыс таңдалмаған линза мен көзілдірік;
- ұйқы қанбау;
- көзге жарақат немесе зақым келуі;
- қан кету;
- көз тамшыларын жиі пайдалану;
- инфекция немесе вирустың түсуі.
Көз қызаруының қандай белгілері бар?
- қабақтың қатты қызаруы
- көз жасаурап, қышуы
- бұлыңғыр көру
- жарыққа сезімталдық
Көздің қызаруын қалай кетіруге болады?
Ең алдымен тітіркендіргіш факторды жоюға тырысу керек. Ол үшін:
- көзге арналған жаттығуларды жасау
- жылы сумен жуу, компресс жасау
- аллергиядан көз қызарған жағдайда бөлменің ауасын тазарту
- көз тамшыларын тамызу
Бұл тек көздің түйілуін басуға көмектеседі. Егер 2-3 күнде көздің қызарғаны кетпесе, маманға жүгінген дұрыс.
Қандай жағдайда дәрігерге қаралу қажет?
- көзіңіз қызарса немесе көзде ауырсыну сезімі болса
- қабақ қабыршақтанса, көздің немесе қабақ жараланса
- ксерофтальмия симптомдарымен бірге буын ауырса, ісіну немесе ауызда құрғақтық сезімі болса.
- өздігімен емделгеннен кейін бірнеше күн ішінде көздің жағдайы жақсармаса.
Көз – адамның айнасы. Көз ауруларына тап болмау үшін қарапайым қағидаларды ұстанған дұрыс:
- көзді күннен қорғайтын көзілдірікті тек жаз айларында тағып қоймай, қыстың кезінде де тастамауға тырысыңыз
- токсинді газдардың көзге түспеуіне жіті назар аударыңыз
- сапалы косметика пайдаланыңыз
- линза тағатын болсаңыз, міндетті түрде оны дұрыс пайдалану жолдарын біліңіз
- компьютермен жұмыс істеген кезде әрбір 2 сағат сайын міндетті түрде 10-15 минуттық үзіліс алып отыру қажет
- көздің өзі де құрғап, жас бөлу мүмкіндігінен айрылады. Мұндай кезде арнайы дәрілік тамшыларды тамызған абзал.