Алматыда түлектерге жұмысқа орналасу бойынша кеңес берілді

Алматыда түлектерге жұмысқа орналасу бойынша кеңес берілді

Алматыда түлектерге жұмысқа орналасу бойынша кеңес берілді
ашық дереккөзі

8 маусым күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің биылғы түлектеріне «Университет. Мансап. Жетістік» пленарлық отырысы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – түлектерді білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасу туралы ақпараттандыру және мамандықтарының артықшылықтарын көрсету.

 width=

Жиынды университеттің Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов ашып, болашақ жас мамандарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов бұрын бітірген түлектерге ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қазіргі түлектерге қолдау көрсетуге келгендері үшін алғысын білдірді.

Отырысқа университеттің әр жылдары оқуын тәмамдаған түлектер қатысып, мектепке, колледжге жас маман ретінде жұмысқа орналасу бойынша кеңестерімен бөлісті.

 width=

Сондай-ақ Қ.Қатықбаев атындағы №168 мектеп-гимназиясының директоры Манас Тайкенов мектеп мұғалімінен директорға дейінгі кәсіби жолы туралы айтып берді, ал Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының мұғалімі Мөлдір Төлегенова «Дарын» мектебінде жұмыс жасау ерекшеліктерімен бөлісті. Нархоз университеті экономикалық колледжінің Студенттермен жұмыс деканатының басшысы Еркебұлан Тоқтасынов жұмысқа орналасудағы белсенділіктің пайдасын атап өтті.

 width=

4-курс студенттерін жұмысқа орналастыру бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесін Түлектер қауымдастығының басшысы Айдана Алиасқар таныстырып өтті.

Жиын соңы ашық микрофонмен жалғасын тапты. Студент-жастар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. М.Тайкенов студенттерді жұмыспен қамтуға өз үлесін қосатынын айтып, келесі жылы өзі қызмет ететін мектепте кезекті пленарлық отырысты өткізуді ұсынды.

 width=  width=  width=