Қатерлі ісікті емдейді: сегізаяқ туралы тың мәлімет шықты

Қатерлі ісікті емдейді: сегізаяқ туралы тың мәлімет шықты

Қатерлі ісікті емдейді: сегізаяқ туралы тың мәлімет шықты
ашық дереккөзі
Биологтар сегізаяқтың қорғаныш сиясының бөлігі болып саналатын заттардың бірін синтездеуді үйренді. Сонымен қатар ол ісік жасушаларын тиімді түрде жоятынын анықтады. Бұл туралы turkystan.kz Food and Chemical Toxicology зерттеуіне сілтеме жасап баяндайды. Сегізаяқтар Атлантика мен Жерорта теңізінде кең таралған. Олар бірнеше жыл өмір сүріп, салмағы 10 келіге дейін жетеді. Аң аулау үшін олар у пайдаланады, ал қорғаныс үшін сия бұлтын тастайды. Ғалымдар сия құрамынан ісікке қарсы қасиеті бар органикалық молекулаларды табады. Енді бұл қатерлі ісік ауруын емдеудің жаңа әдістерінің негізі болуы мүмкін. Цефалопод сиясы – көптеген ерекше молекулалардан тұратын күрделі коктейль. Олардың кейбіреулері құнды биоактивті қасиеттерге ие, соның ішінде қабынуға және ісікке қарсы. Мексиканың Сонора университетінің биологтары біраз уақыт бұрын Octopus vulgaris сиясынан озопромид (ozopromide) деп аталатын жаңа молекуланы анықтады.                                    Сегізаяқ сиясы қатерлі ісік ауруын емдейді Бұл – құрамында азот бар органикалық қосылыс. Мартин Эрнандес-Зазуэта және олардың әріптестері мұндай молекуланы жасанды түрде синтездеуге болатынын көрсетті. Содан кейін ғалымдар озопромидтің биоактивті қасиеттерін зерттеді. Сүт безі, аналық без, қуықасты безі және өкпе ісігінің жасушаларына эксперимент жүргізілді. Зерттеу барысында озопромид қатерлі жасушалардың өсуі мен көбеюіне тосқауыл болатыны анықталды. Өкпенің қатерлі ісігі жағдайында бұл әрекет жасушалардың санын екі есе азайтқан. Сонымен қатар озопромидтің сау жасушаларға теріс әсері байқалмады.