Осы аптада, Мәжілісте...

Осы аптада, Мәжілісте...

Осы аптада, Мәжілісте...
ашық дереккөзі
Осы аптада «AMANAT» партиясы депутаттары Мәжілісте газ бағасына қатысты мәселелер, сарқылып жатқан су проблемасы, күмәнді компаниялардың көбеюі сияқты сауалдар жолдады. Сонымен қатар бұрын жолдаған сауалдары мен көтерген мәселелері жауапсыз қалған депутаттардың талаптары тыңдалды. Газ бағасына қатысты мәселе көтерілді «AMANAT» партиясының депутаты Мақ­сат Толықбайдың сөзінше, Алматы об­лысы, Қарасай ауданында қалыптасқан күр­делі әлеуметтік жағдай мен ауданның мың­даған тұрғындарының «Қазақстан бойын­ша табиғи газға ең қымбат тариф­пен төлеп отырмыз» деген шағымдары не­гізінде Премьер-Министр мен Бас про­ку­рорға осы депутаттық сауал жасауға не­гіз болған. – Бізге, Мәжіліс депутаттарына шұ­ғыл байланысқа шығып, хабарласқан 500-ге жуық тұрғынмен кездесу үшін 2023 жылдың 26 мамырында осында ке­ліп, тұрғындармен кездесу өткізіп, арыз-ша­ғымдарын тыңдадым. Мәселенің ушы­ғып кеткені соншалықты, бұл дау ше­­­шілмесе, екі аптадан кейін мыңдаған адам жолды жауып, жаппай ереуілге шы­ғатындарын ескертіп отыр. Наразылыққа себеп – Қарасай ауда­нын­дағы Шамалған, Жандосов, Шалқар, Қайрат, Еңбекші, Құмарал, Үштерек се­кіл­ді ондаған елдімекенді, сондай-ақ, «Арай» және «Дархан» саяжайларын газ­бен қамтып отырған «Сигма Газ» ЖШС-нің қожайындары бағаны қолдан көте­ріп, газдың құнын 34,75 теңгеге өсіруі бол­ды. Ал сол жердегі басқа компаниядан газ алатын, іргесіндегі Қаскелең қала­сы­ның тұрғындары газдың бір текше мет­ріне 26-27 теңгеден төлеп отыр. Бұл өте үлкен айырмашылық, – дейді депутат. Қазақстан Республикасының Ұлттық эко­номика министрлігінің Табиғи мо­но­по­лияларды реттеу комитетінің Алматы об­лысы бойынша департаменті 2023 жыл­дың қаңтар, ақпан айларында «Сигма Газ» ЖШС-нің қызметіне жоспардан тыс тек­серу жүргізіп, бірнеше заңбұзушылық фак­тілерді анықтаған. Анықтап қана қой­май, Қазақстан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы Ко­дексінің 164 және 167 баптарына сәйкес, «Сиг­ма Газ» ЖШС-не қатысты 2 миллион тең­ге сомасына әкімшілік айыппұл сал­ған екен. Табиғи монополияларды рет­теу комитетінің Алматы облысы бойынша де­партаментінің 2023 жылғы 10 наурыз­дағы бұйрығына сәйкес, газдың бағасын негізсіз көтерген аталған компания шек­ті баға деңгейін әр текше метріне 34,75 тең­геден 28,94 теңгеге төмендетуге мін­дет­теп, артық төлемді тұтынушыларға қай­тару туралы шешім шығарған. Алайда «Сиг­ма Газ» ЖШС бұл шешімді әлі орын­да­мапты. Сондай-ақ тұрғындар «Сигма Газ» ЖШС құбырымен келетін көгілдір отын­ды үйге кіргізгені үшін тым көп ақша тө­лейтіндеріне наразы. Бір үйді газ құбы­ры­на қосу 450 мың теңгеден жоғары екен. Депутат тез арада осы мәселені рет­­­теуді сұрады. Су сарқылып жатыр «AMANAT» фракциясының депутаты Ринат Зайытов Премьер-Министрдің бірін­ші орынбасары Роман Склярға елі­міз­дегі көлдер мен өзендердегі су деңгейі туралы мәселе көтерді. – Осы мәселенің себебін анықтап, ал­дын-алу әрекеттерін жасап жатқан жауап­ты органдарды өз басым әлі көрген емес­пін. Сөзіме дәлел болатын көрсет­кіш­тер Экология және табиғи ресурстар ми­нистрлігінде толықтай бар. Ал енді, осы мәселе бойынша жергілікті халық­тың алаңдап шыққан ащы дауысын естіп жат­қан ешкім жоқ па? – деді депутат. Абай облысындағы Аягөз өзені су дең­гейінің 2018 жылмен 2022 жылдар ара­лығындағы жоғарғы көрсеткіші Бал­тық жүйесі бойынша 558 см-ден 162-смге тө­мендеген. Ауданда эколог маманы да жоқ екен. Шығыс Қазақстан облы­сын­да­ғы Маралды ауылының маңынан бірнеше та­лаптарды өрескел бұзып, жұмыс жүр­гіз­гелі жатқан алтын өндіруші фаб­ри­ка­ла­рын салуға жергілікті халықтың қар­сы­лығы туралы да депутат айтып өтті. Осыларды негізге алған депутат Аягөз жә­не Маралды өзендеріндегі су дең­гейі­нің төмендеуі мен ластануының себеп­те­рін анықтайтын комиссия құруды, ко­мис­сияның жұмысына барынша көмек көр­сетуді сұрады. Ал депутат Аманжол Әлтай Жамбыл об­лысы Талас ауданының тұрғындары Ақ­көл көлінің жағдайына алаңдаулы еке­нін айтады. Сондай-ақ, ауыл тұрғын­дары­ның күнкөріс көзі – балық аулау. – Ақкөл көліне түсетін судың көзі – Қыр­ғыз Алатауынан Терісащыбұлақ су қой­масына, одан әрі Билікөл су тоспа­сына түсіп, одан кейін Бөгеткөл су тоспа­сы­на түсіп, сонан соң ғана «Ақкөл» кө­лі­не жетеді. Су кей жылдары болымсыз кө­лемде түсіп, кей жылдары жетпей де қ­а­лады. Былтыр Ақкөл көліне небәрі 6-7 миллион текше метр ғана су жиналып, егіс суғару маусымына жетпей де қалды. Ен­дігі мәселе, сол Билікөл көлінің ба­лығын аулайтын кәсіпкер былтырғы жы­лы қазан айында Билікөл көлінен Ақ­көл көліне су шығатын арнасына өз бе­тімен арматураланған бетон бөгет са­лып тастаған, – дейді депутат. Аманжол Әлтай арматураланған бе­тон бөгеттің заңды салынған-салын­баға­нын анықтауға тексеріс бастап, тексеріс нә­тижесі бойынша әрекет етуді сұрады. Сұраққа жауап ала алмай отыр «AMANAT» партиясы фракциясының мү­шелері Самат Мұсабаев пен Еділ Жаң­быр­шин 4 сәуірде Әлихан Смайыловтың аты­на жолданған хатқа және Ұлттық эко­номика вице-министріне жіберген сұрақ­қа жауап алмағандарын айтты. – Өткен жылғы қаңтар айында Мем­ле­кет басшысының тапсырмасы бойын­ша Маңғыстау облысындағы жағдайды рет­теуге арналған Үкіметтік комиссия құ­рыл­ған болатын. Комиссия өңірде өз дең­гейінде нәтижелі жұмыс жасай алма­ды. Оған дәлел – Маңғыстау өңіріндегі жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар, – дейді депутаттар. Осыған орай олар Үкімет деңгейінде Маң­ғыстау облысының әлеуметтік-эко­номикалық мәселесін шешуге арналған ар­найы Үкімет комиссиясы құрылып, ко­миссия Маңғыстау облысында қор­даланған барлық мәселелерді анықтап, тиіс­ті шешімдер қабылдап, нақты нәти­же­лерге қол жеткізуі қажет екенін мәлім­деді. Күмәнді компаниялар көп Депутат Абзал Құспан «Теңіз­Шевр­Ойл» компаниясы төңірегіндегі мәселені кө­теріп, Бас прокурорға сауал жолдады. – Қазір Парламент қабырғасында де­пу­таттар бастамасымен кезінде заңсыз алын­ған активтерді мемлекетке қайта­ру­ға бағытталған, халқымыз үшін аса маңыз­ды заң жобасы қаралуда. Осы заң ар­қы­лы біз отыз жыл бойы мемлекет қа­зы­насын тонаған, еліміздің, халқымыз­дың болашағын ұрлаған жемқорларды жауап­кершілікке тартып, олардың жа­сыр­ған, шетел асырған дүниелерін мем­ле­кетке қайтаруды мақсат тұтып отыр­мыз. Менің бүгінгі көтергелі отырған мә­­селемде осымен үндес, Қазақстан аза­­­­маттарына қатысты ауқымды әлеу­мет­тік маңызы бар, – деді депутат. Қазақстан бойынша бюджетке ең көп қар­жы аударатын өңірлерден Атырау об­лысы донор есебінде бірінші орында тұр. Қазақстанда қызмет етіп жатқан шет­елдік үлесі бар компаниялар ішінен ең көп салық төлеуші ретінде ТШО, яғни «ТеңізШеврОйл» компаниясы танылғаны белгілі. – Жақында ғана компания өзінің Қа­зақстан нарығындағы қызметінің отыз жылдығын атап өтті, осы уақыт ішін­де ол Қазақстан қазынасына 176 млрд доллар қаржы құйған. Яғни, шетел ас­қан Қазақстан қазынасын іздестіреміз десек, негізгі назарымызды осы өңірге және әлемдегі ең ірі 5 мұнай кен орын­дарының бірі – Теңіз айлағына аударуы­мыз керек, – деді Абзал Құспан. Өкінішке қарай, отыз жыл бойы осын­дай ірі, алпауыт компаниялар айна­ла­сында беделі күмән тудыратын әртүрлі деңгейдегі қазақстандық және шетелдік фирмалар қаптап кеткен. – Кейбір деректер бойынша ондай фир­малардың саны мыңдап саналады. Олардың міндетіне қызмет көрсету, жұ­мыс жасау емес, ТШО сияқты алпауыт ком­паниялардан ірі тапсырыстар алып, оның аз бөлігін қазақстандық компа­ния­ларға бөліп, қалған ірі бөлігін шетелге заң­сыз шығару кіреді, – деді депутат. Осы орай­да ол қолында нақты дәлел, яғни құ­жат бар екенін, құжаттарды сауалмен қо­са жолдайтынын айтып, мәселенің ше­шімін қарастыруды сұрады.