Назарбаевқа көпшілік алдында тіл тигізгендер қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін

Назарбаевқа көпшілік алдында тіл тигізгендер қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін

Назарбаевқа көпшілік алдында тіл тигізгендер қылмыстық жазаға тартылмауы мүмкін
ашық дереккөзі
Қылмыстық кодекстен Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізгені үшін жазаға тартатын 373 және 374-баптар алынып тасталуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген құжаттың жобасы Мәжілістің ресми сайтында 23 мамырдан бері тұр. Құжаттың толық атауы – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы. Мәжіліс сайтындағы салыстырмалы кестеде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау ұсынылғанын көруге болады. Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда. Әділет министрлігіндегілер заңнамаға осындай өзгеріс енгізу ұсынылып, Мәжіліс қарауында жатқанын растады.
«Заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда», - деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.