Психолог педофилдер қандай балаға үйір болатынын айтты

/
Психолог педофилдер қандай балаға үйір болатынын айтты
ашық дереккөзі
Психолог педофилдер қандай балаға үйір болатынын айтты Елімізде балалар арасындағы зорлық-зомбылық азаяр емес. Осы орайда, психолог Серікгүл Сәлиева қоғамның мұншалықты азғындауына не себеп болғанын айтты деп хабарлады turkystan.kz. Психологтың айтуынша, педофил ата-анасынан көп мейірім алмаған, қорқып жүретін балаға үйір келеді.
«Көп ата-ана мына бір нәрсені білмейді. Содан осындай қорқынышқа бойалдырады. Педофилді қандай бала еліктіреді? Сезімі жоқ, қорқақ бала. Сезімі жоқ баланың ферромондық иісі басқа болады. Әке-шешесі бойына сезім ұялата білмеген баладан педофилді еліктіретін иіс шығып тұрады. Сондықтан кез келген бала оларды қызықтырмайды. Педофилдерден сақтандыру үшін баланың бойында сезімі бар қылып өсіру керек, баламен эмоциялы байланыста болу керек. Сезімге бай, анасымен эмоциялы байланысы бар бала педофилді тартпайды. Ата-анадағы негізсіз қорқыныш осы білімсіздіктен шығып отыр. Педофилия көбіне 6-7 жасар балаларға жасалады. Өйткені сол жастағы балалардың иістері педофилді тартады. Педофилді баланың бойындағы қорқақтық, үркектік деген қалып қойған сезімдер еліктіреді. Ол бала ешнәрсесін әке-шешеге айтпайды, әке-шешеге деген сенім жоқ. Өйткені әке- шешесі оған қорғаныс қауіпсіздігі сезімін берген жоқ. Балада «қандай жағдай болмасын мені анам қорғап алады, қандай жағдай болмасын, әкем маған қамқор болады» деген сезім жоқ. Ол үшін ең қауіпті адам керісінше, анасы мен әкесі болады. Өйткені олар отбасында бір-бірімен жанжалдасып, бір-біріне пышақ ала жүгіреді, төбелеседі. Ал бала өз әлемінде жалғыз қалып қойған. Бала қандай жағдай болмасын өсіп шығуы керек. Ол нәрсе болмаған сияқты қылып психика оны итеріп тастайды, сондықтан зорлықтың құрбаны болған баламен жұмыс жасаған мамандар болған жағдайды ұмыттыруға көбірек көңіл бөледі», - деді психолог zakon.kz-ке.
Сонымен қатар маман «Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзін тәрбиелеуі керек» деген сөзді бәрі біледі десек те, оны қолданатындар аз екенін айтты.
«Зорлық-зомбылықтың құрбаны – қорқақ, әке-шешесімен эмоциялық байланысы жоқ, отбасынан ығысып қалған балалар. Өйткені оны әке-шешесі тыңдамаған, көңіл бөлмеген. Төрт-бес жасқа дейін баланың бәрі ашық болады, тұйық болмайды. Кейін мектептегі, үйдегі қарым-қатынас әсер етіп, бала тұйықтала бастайды. Бұған себеп не? Өйткені біз баланы бірінші сыныпқа барған кезде ғана оқыта бастаймыз. Ата-аналардың көбі баласы бірінші сыныпқа барғанда бар жұмысын ысырып қойып, оны оқытуға кіріседі. Жарысып оқытады. Үшінші, төртінші сыныпқа келгенде, бала назардан тыс қала бастайды. Психотипіне байланысты барлық бала сабақты жақсы оқитын болмайды. Сабақты 5% бала айқайлап, көрсетіп оқиды. Тағы бес пайыз бала оқиды, бірақ онысын айқайлап айтпайды. Өзі біліп, ішіне сақтап жүреді. Қалғандары сабақ оқитын, ғылым-білімның адамдары емес, олардың өз функциялары, орны бар. Ондай балаларға білім маңызды емес, «пәленбайдың баласынан қалып қалмасын» деп оны қинап оқытамыз. Оны төмпештеп отырып, жан-дүниесіне «мен осы дұрыс адам емеспін» деген дәнек егеміз. Содан кейін бала үндемей, жабыла бастайды», - дейді ол.
         
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары