Қазақстандық боксшы Наталья Богданова финалға шықты

/
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова финалға шықты
ҰОК

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) финалға шықты. 

Отандасымыз жартылай финалда англиялық Шантель Ридпен қолғап түйістірді.

Бірінші және екінші раундта англиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Үшінші раунд Натальяның басымдығымен аяқталып, финалға жолдама алды.

Осылайша отандасымыз ел құрамасынан финалға берілген сегізінші жолдамаға қол жеткізді.

Наталья Богданова 1999 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында қола алса, 2022 жылы Азия ойындары үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары