Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Түркістан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Арыс ауданында 5 жасар қыз зорланды. Полицейлер күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтының мәліметінше, Түркістан облысының полицейлері Арыс ауданындағы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«21 мамыр Арыс АПБ-ға жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Арыз негізінде полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдіктіні «ізін суытпай» сол сағатта ұстады. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды», - делінген хабарламада.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
«Полицейлер дағдарыс орталығымен байланысып, қызбен психологтар жұмыс жүргізді. Қазір жасөспірім үйінде, сараптама қорытындысына сәйкес, қыздың денесінде басқа да жарақаттар анықталған жоқ. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды», - делінген хабарламада.