Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып кетті

Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып кетті

Талдықорғанда 50 жастағы ер адамды көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
Талдықорғанда көлік қаққан 50 жастағы тұрғын оқиға орнында көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz. Жол-көлік оқиғасы 23 мамыр күні Абылай хан көшесінде болды.
«BMW автокөлігін тізгіндеген Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетсек, жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілердің қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 10 адам қаза тауып, 44 адам түрлі жарақат алған.