Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында киіктер өліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“2023 жылдың 19 мамыр күні сағат 18-00 шамасында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Күйгенгүл округінің аумағы Ащыөзек өзенінің жағасынан Жәнібек тірек пунктінің тобы 150-ге жуық киік өлексесін анықтады. Оның 95%-ы – төлі, 5%-ы – аналықтары. Жануарлардың ұшалары 300 метр радиуста жатқан. Патологиялық материалдарды, сонымен қатар аумақтағы өсімдік, топырақ және ауа сынамаларын алу үшін оқиға орнына  "Бөкейорда" резерватының қызметкері мен Жәнібек ауданының ветстанциясы, санэпидқызметі өкілдері жіберілді. Сынамалар алынғаннан кейін, аталған өлекселерді Жәнібек әкімдігі мен "Охотзоопром "ӨБ"РМҚК қызметкерлері жойып жібереді”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында..