Девин Хейни мен Василий Ломаченко арасындағы кездесу тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы turkystan.kz хабарлады.
Кәсіпқой рингте жеңілмеген Девин «The Dream» Хейни (29-0, 15КО) атақты украиналық боксшы Василий «Hi-Tech» Ломаченкомен (17-2, 11КО) кездеседі.
Жекпе-жек «MGM Grand Garden Аrena» (Лас-Вегас, Невада штаты, АҚШ) спорт кешенінде өтеді.
Кездесуді ертең, 21 мамыр күні таңғы сағат 06:00-ден бастап «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.
Ломаченко мен Хейни арасындағы жекпе-жекті қайдан көруге болады?

Ломаченко мен Хейни арасындағы жекпе-жекті қайдан көруге болады?