50480
Былтыр жоғалып кеткен азаматтың денесі Риддерден табылды
Былтыр жоғалып кеткен азаматтың денесі Риддерден табылды
Былтыр күзде Риддерде жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, ер адам өлімінің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында мәлімдеді.
Михаил Максимов Сергеевич 1985 жылы туған, 2022 жылғы 29 қазанда хабарсыз кеткен. Ер адам Риддерде Тәуелсіздік даңғылы, 10-үй мекенжайында тұрған. Ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.
19 мамырда ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.