Нұртай САБИЛЬЯНОВ: Өңір халқын полигон зардабына қатысты мәселелер қатты алаңдатады

Нұртай САБИЛЬЯНОВ: Өңір халқын полигон зардабына қатысты мәселелер қатты алаңдатады

Нұртай САБИЛЬЯНОВ: Өңір халқын полигон зардабына қатысты мәселелер қатты алаңдатады
ашық дереккөзі
Депутат Нұртай Сабильянов Семей по­ли­гонынан зардап шеккен азаматтарды әлеу­меттік қорғауды жетілдіруге бай­ланысты мәселе көтеріп, Премьер-Министр Әли­хан Смайыловқа депутаттық сауал жол­дады. Абай облысының тұрғындарымен кез­де­сулер кезінде Семей полигонындағы жүр­гізілген 468-ден астам ядролық сынақ­тың салдарынан зардап шеккен аза­мат­тар­ды әлеуметтік қорғауды жетілдіруге бай­­ла­ныс­ты мәселелер жиі көтерілетінін алға тарт­қан депутат өңір тұрғындарын алаң­дат­қан бірқатар мәселеге тоқталды. Бірінші мәселе – зейнетақыға қосы­ла­тын үстемеақы мәселесі. Нұртай Сабилья­нов­тың сөзінше, мұндай көмек төтенше ра­диациялық қауіпті және ең жоғары ра­диациялық қауіпті аймақтарда тұрып жат­қан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарға берілген. Ал радиациядан зар­дап шегіп, басқа аймақтарға көшіп кет­кен және зейнетке 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін шыққандарда мұндай құқық жоқ. – Екінші, қосымша еңбекақы және жыл сайынғы қосымша ақылы демалыс тек қана зардап шеккен аймақтарда тұрып жатқан аза­маттарға ғана беріледі, – дейді депутат. Бас­қа аймақтарға көшіп кеткен азаматтарға мұн­дай көмек қарастырылмаған. Үшіншіден, барлық жұмыс берушілер жыл сайынғы қосымша демалысты төлей ал­май­ды және басқа да қажетті төлемдерді то­лық қамтамасыз етпейді, себебі бұған қара­жат жоқ. Төртіншіден, зардап шеккендердің бар­лығы уақытылы медициналық тексерістен өт­пеген және оларға тиісті диагностика жа­салмаған. Оңалту орталықтарында да ем алу да – қолжетімсіз. – Жиі көтерілетін мәселелердің бірі – ол зей­нетке шығу жасын төмендету. Зардап шек­кен азаматтардың көпшілігінің тұрақты жұ­мыс орны жоқ. Осыған байланысты, олар мін­детті медициналық сақтандыру жар­на­ларын төлей алмайды. Сонымен қатар өт­кен жылдарда осы мәселелерге қатысты де­­­путаттық сауалдарға жауап ретінде Үкі­мет арнайы зерттеулер жүргізіп, қо­ры­тын­ды­сы бойынша осы өңірдің азаматтарын әлеу­меттік қорғау шараларын жетілдіріп, сон­дай-ақ сәулеленудің жеке дозасының ша­масына байланысты медициналық-әлеу­меттік көмек көрсету өлшемдерін қайта қа­райтынын атап өткен. Бүгінгі күні зерт­теулер толық жүргізіліп бітті, – деді депутат. Сон­дықтан ол Үкіметтен мына мәселелерді қарас­тыруды сұрап, сауал жолдады. Сауалға сүйенсек, ең алдымен зардап шек­кен азаматтарды міндетті медициналық сақ­тандыру жарналарын мемлекет атынан жү­зеге асыру керек, екіншіден, сынақтардан зар­дап шеккен, бірақ елдің басқа өңірлеріне кө­шіп кеткен азаматтарға заңнамамен көз­делген барлық құқықтар мен жеңіл­дік­терді беру керек. Сонымен қатар депутат зардап шеккен азаматтарға берілетін үстемеақы­лар­дың барлық түрін екі есеге ұлғайту және жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын тө­леуге мемлекеттік қолдау көрсетуді ұсы­нып отыр. Одан бөлек, зардап шеккен аза­мат­тар толық кешенді медициналық тек­серу­ден өткізіп, медициналық оңалту ұйым­дарында емделуін ұйымдастыру керек, осы­ған байланысты оңалту орталықтары мен мамандандырылған шипажайлардың са­нын көбейту туралы айтылды. «Ең негізгі мәселе – зейнет жасын тө­мен­дету қазір мүмкін бе?» деген сұрағымызға де­путат «бұған мүмкіндік те, қаражат та жет­уі керек» деп жауап берді. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі:
– Жалпы, Семей ядролық полигонынан зар­дап шеккен азаматтарды қолдауға бай­ла­нысты көптеген мәселе көтеріліп жатыр. Се­мей ядролық полигонынан зардап шеккен аза­маттар деп 1949 жылдан 1991 жылға дейін осы аумақтарда тұратын азаматтарды ай­тамыз. Оған Абай облысының барлық елді мекендері, ШҚО Өскемен, Риддер қалалары жә­не 6 ауданы, Қарағанды облысының Қар­қаралы ауданы, Павлодар облысының Май, Лебяжі аудандары кіреді. Яғни, ол заңда көр­сетілген. Бірақ зардап шеккендер 1991 жыл­ға дейін деп белгіленген. Мен халықпен жиі кездесіп тұрамын. Ең көп көтерілетін мәселе осы әлеуметтік қор­ғау­ды жетілдіру және заңда көрсетілген тиіс­ті әлеуметтік төлемдерді төлеу болып отыр. Соның ішінде ең өзекті мәселе – зей­нет­ке шығу жасын төмендету. Өңір халқы, әсі­ре­се, әйел адамдардың зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендету туралы талап қойып отыр. Жалпы, бұл мәселелер бұған дейін де де­­путаттық сауал ретінде көтерілген. Бірақ Үкі­мет оған «Семей полигоны туралы жүр­гізіліп жатқан зерттеу жұмыстары аяқталған соң қорытындысы бойынша әлеуметтік қол­дауды қайта қараймыз» деп жауап берген бо­латын. Ол зерттеулер қазір аяқталды. Енді Үкі­мет «әлеуметтік қолдауды жетілдіру ке­рек және осыған байланысты шаралар қа­был­дау керек» деген шешімге келіп отыр, бұл мүм­кін нәрсе, менің ойымша бұған қаражат та жетеді. Жаңадан қаулы қабылдау, норм­а­тив­тік-құқықтық актілерді өзгерту арқылы бұл мәселелерді шешуге болады деп ойлай­мын. Жалпы, ядролық сынақтан зардап шек­кен­дерді қолдау, оларға медициналық көмек көр­сету – міндет. Медициналық сақтандыру жар­насын төлей алмағандықтан, керек кө­мек­ті ала алмай отырған азаматтар көп. То­лық көлемде жарна төлемесе де, толық кө­­мек көрсетілуі керек. Сонымен қатар об­лыс­та оңалту орталықтары жоқтың қасы. Сон­дықтан зардап шеккен азаматтарға ел бойын­ша барлық оңалту орталығында меди­ци­налық көмек берілуі керек деп ойлаймын.