Мәжілісте талқыланған тақырыптар

Мәжілісте талқыланған тақырыптар

Мәжілісте талқыланған тақырыптар
ашық дереккөзі
Осы аптадағы «AMANAT» фракциясы депу­тат­­тарының сауал­дары Батыс Қазақстан об­лысының ең шалғай ауыл­дарын­дағы қиын жағдайға, интернет-алаяқтық мә­се­ле­­сіне, «Қазақстанда жасалған» жобасы бойын­­ша өндірілген өнімдер төңірегінде қойыл­­ды. Шалғайдағы ауылдарда ахуал алаңдатарлық «AMANAT» партиясының де­пу­таты Нартай Сәрсенғалиев Батыс Қа­зақстан облысының ең шалғай ауыл­дары – Бөкей орда ауданы мен Жәнібек ауданындағы күрделі мәсе­ле­ні көтерді. Жұрт көз ашқалы түзу трас­са, жөнделген жол көрмегенін ал­ға тартқан ол қазір де жұрт облыс ор­талығы Оралға дейін көлікпен 7-8 са­ғат жүруге мәжбүр екенін, жаңбыр жау­са батпаққа батқан бұқара 14-15 са­ғат жол жүретінін айтты. Арнайы тех­никаның өзі көктем мен күздегі бал­шықтан өте алмайды екен. Батыс Қазақстан облысының Бө­­кей ордасы, Жәнібек және Қазталов ау­дандарын жалғайтын жол салу жө­нінде Үкіметке тапсырма бе­рілді. Жер­гілікті жұртқа үміт бер­ген бұл жаңа­лық 2018 жылы айтылған. Бірақ ай­тылған тапсырманың орын­далар түрі жоқ. «2019 жылы «Қазталов – Жәнібек – Ресей Федерациясы» шекарасына дейінгі 142 шақырым жол және 103 ша­қырымдық «Бисен – Өнеге – Сай­хын» жолы, барлығы 245 шақырым жол учаскелерінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, 2021 жылы жол құрылысы аяқталады делінген. Бір­ақ арада 4 жыл өтті, республикалық маңызы бар 245 шақырым күре­жол­дың тек 124,6 шақырымы ғана жа­сал­ды. Қалғаны шұрқ-тесік, батпақ бо­лып жатыр. Жүру мүмкін емес, – деді депутат. 2022 жылдың сәуірінде Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Батыс Қазақстан облысының әкім­дігіне өңірдегі жол мәселесін тез арада шешуді тапсырған және 2021 жылы аяқталуы тиіс болған Қазталов, Жәнібек, Бөкей орда аудандарын об­лыс орталығы Оралмен байланыс­ты­ра­тын күрежолға әлі асфальт төсел­ме­ге­нін айтып, «тиісті жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалмауына кінәлілер жазалануға тиіс» деді. Осы сыннан кейін сол кездегі Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-ми­нистрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды. – Бірақ сол жолдың бүгін-ертең бі­те­тін түрі жоқ. Мәселе мынада: жал­пы ұзындығы 245 шақырым болатын «Қаз­талов –Жәнібек – Ресей Феде­ра­ция­сы» шекарасына дейінгі және «Бисен – Өнеге – Сайхын» жолда­ры­ның жалпы құны 80,13 млрд теңге. Бү­гінге дейін оның 49 пайызы иге­ріл­ген. Қалған 120,4 шақырымды төсеп бітуге биыл 30,2 млрд теңге бөлінген. Ақша бар, бірақ БҚО қиыршықтас пен битум жоқ. Оны көрші облыстар мен көрші елден тасымалдау керек. Жол құрылысын аяқтау үшін биыл 1931 тонна қиыршықтас керек, оны әкелу­ге 28 мың вагон қажет. Бірақ биыл­ғы жылға тек 7 жарым мың ва­гон қарастырылған. Бұл өз кезегінде жолға қажетті материалдың жетіс­пеу­шілігіне, жол құрылысы мерзі­мі­нің ұзаруына және жоба құнының өсуі­не әкеледі, – дейді ол. Депутаттың сөзінше, наурыз айын­да тек 1 000 вагон беріл­ген, оның 382-сі жекеменшік, 618-і «Қаз­ТемірТранс» АҚ-на тиесілі. Же­ке­мен­­шік вагонды жалға алудың құ­ны әл­­деқайда қымбат. Келесі мә­селе би­тум жетіспеушілігі. 2022 жы­лы би­тум болмауынан, об­лыс­тағы ны­сан­дардың жартысына жуы­ғы тамыз айы­нан бастап жұ­мыс­сыз қалған. Осыған байланысты Үкіметке бірқатар ұсыныс айтылды: бірінші – жобалау-сметалық құжат­та­маға сәйкес битум бағасын бекіту мүм­кіндігін қарастыру, яғни мер­зім­дік баға өсуіне тыйым салу; екініш – би­тумның таралуын мердігерлік ұйым­дар үшін ашық ету және оларға қол­жетімді битумның көлемі мен оның қозғалыс жолы айқын болуы үшін делдал-трейдерлерсіз зауыттар­мен тікелей келісімшарттар жасауға мүмкіндік беру. Үшіншіден, ай сайын БҚО-ғы жол құры­лысына қажетті қиыршықтас жет­кізу үшін 1 500 теміржол вагонын беру қажет. Төртіншіден, облыстың қажет­ті­лік­терін қамтамасыз ету үшін Ресей Ф­едерациясынан битум тасымал­дай­тын, БҚО-ң аумағында орналасқан бір трейдерді анықтау қажет. Себебі Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарына 1 трейдер ғана битум жеткізеді екен. Бұл мәселе облыстық маңызы бар «Ча­пай – Жаңақала – Сайқын» жол­дары­ның да құрылысын кешеуілдетіп тұр. Интернет алаяқтарына тұсау болмай тұр Бас прокурор мен Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымына жолданған келесі бір мә­селе – интернет алаяқтық төңіре­гін­­де көтерілді. Интернетті қол­дану­мен жасалатын кибералаяқтық пен телефон арқылы қылмыстың түрлері жыл санап өсіп келеді. Проблеманы қан­ша рет көтерсе де, мәселенің ше­шілетін түрі жоқ, керісінше жылдан-жыл­ға ушығып барады. Депутаттардың дерегіне сүйен­сек, соңғы 5 жылда аталған қыл­мыс түрі бес есеге өскен: 2018 жы­лы 4 287 факт анықталса, 2022 жыл­­дың қорытындысы бойынша осын­дай 20 444 қылмыс тіркеліпті. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқ­са­нының өзінде-ақ 4 687 интернет-алаяқ­тық қылмысы жасалған. Құқық қорғау органдары соның небәрі 23 пайы­зын ғана анықтаған. Соңғы 3 жыл­да келтірілген шығын 35 мил­лиард теңгеден асып жығылған. – Екіншіден, халық арасында қа­зір онлайн несие алуға сұраныс күрт арт­қан. Қарапайым адамдар микро­қар­жы ұйымдарынан жетіскеннен қа­рыз алмайды. Айлығы шайлығына жет­пегендіктен, осылайша бір қарыз­ды екінші қарызбен жамайды. Бүгінде елімізде 239 микроқаржы ұйымы бар. Банк­тен несие рәсімдей алмаған аң­қау халықты делдал-алаяқтар құрық­қа оңай түсіріп, осындай ұйымдарға алып келеді. Тығырыққа тірелген адам­ның мойнына жүздеген пайыз­дық несие рәсімделеді, – деп жазыл­ған сауалда. Алаяқтар азаматтардың жеке де­рек­­терін пайдалана отырып, он­лайн не­сиені өзге адамға заңсыз рә­сім­дей­ді. Әлеуметтік желілерде заң­сыз ұтыс ойнатып, аңғал адамдардың ақ­шасын сы­пырып алатын алаяқ­тар­ға да тос­қауыл болмай тұр. Мұны өз­­­дері ГИВ деп атайды. Соңғы уақытта әлеуметтік же­ліде «Тараз Хит» деген заңсыз ло­терея пайда болғанын алға тартқан депутаттар. Оны ұйымдастырушылар Instagram желісіндегі парақшасында 10 мың теңгеге билет сатып, халықты пәтер, автокөлік ұтысын ойнатуға үгіт­тегенін айтады. – Еліміздің заңнамасына сәйкес, кез келген ұтыс ойындары лотерея опе­раторымен келісіліп жүргізілуі ке­рек. Басқасының бәрі заңсыз. Осы­ны біле тұра құзырлы органдар неге әрекетсіз отыр? Осыған байланысты, біріншіден, азаматтарға микроқаржы ұйымдары арқылы онлайн несие рәсімдеуге электронды үкімет база­сын­да тыйым салудың мүмкіндігін тез­детіп енгізу керек, – дейді депу­тат­тар. «Қазақстанда жасалған» жобасы қайта пысықталуы керек – Біздің депутаттық сауалымызға отан­дық өнім өндірушілер әзірлеген «Қа­зақстанда жасалған» жобасына қа­тысты сұрақтар арқау болып отыр, – дей­ді депутаттар Ю. Кучинская және А.Рау. Жоба Мемлекет басшысының 2022 жылғы шілдеде Үкіметтің кеңей­­тілген отырысында берген тап­сырмасын іске асыру үшін әзірленіпті. Пре­зидент сауда жүйесін ретке кел­тіру, алыпсатарлықты, бағаны ма­ни­пуля­циялауды, жасанды тапшылықты құру мүмкіндіктерін жою туралы өте нақты міндет қойды. Алайда ішкі сауда мәселелерін жүйелі түрде шешудің орнына, Үкі­мет отандық өндірушілерге жаңа ке­­­дер­гілер жасап берген. Мәселен, 2023-2024 жылдарға арн­ал­ған «Қазақстанда жа­сал­ған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі Жол картасына сәй­кес, «Қазақстанда жасалған» ерікті сер­­­­тификаттау жүйесі енгізілген. Сауалда «бұл сертификаттың қол­да­ныстағы сертификаттардан айыр­ма­шылығы неде?» деген сұрақ қойы­лады. Олардың айтуынша, отандық өнім өндірушілерді де осы мәселе ма­залайды. Жаңа белгі отандық өнім­ді импорт үстемдігінен және өз тауар­ларын сөреге қою құқығы үшін сауда желілерінің алымдарынан қалай қорғайды? Депутаттар отандық тауар өн­діру­шілерді қолдау, оларды сапасыз им­порттық өнімнің демпингінен қор­ғауды көздей отырып, жобаны ай­тарлықтай пысықтап, өндірушілер­дің салалық одақтарын қоса отырып, жо­баны әзірлеу жөніндегі ве­домс­твоара­лық жұмыс тобын құру баста­масын көтерді. Ішкі сауда мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер па­ке­тін отандық өндірушілермен кеңінен тал­қылап, «Қазақстанда жасалған» таң­басын отандық тауар өндіру­ші­лердің бұрыннан бар сертификаттары негізінде беру керек екенін айтты.