Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді

Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді

Тағы бір мемлекетте жойқын жер сілкінісі тіркелді
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21 кезінде Ауғанстанда жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.