50327
1,7 миллион адам митингке қатысты – Ердоған
1,7 миллион адам митингке қатысты – Ердоған
Түркия президенті Тайып Ердоған Стамбұл қаласында 1,7 миллион адам қатысқан сайлауалды митингте сөз сөйледі деп хабарлады turkystan.kz.
«Біз Стамбұлды туғаннан сүйеміз. Стамбұл, бұл –жай ғана тұрғындар тұратын қала емес; Стамбұл, сонымен қатар, Түркілік. Бұл - Балқаннан Кавказға дейінгі біздің бауырларымыздың қаласы. Біреу бізден жер мен аспан астының ортасында қай жерде өмір сүргіңіз келеді деп сұрап жатса, жауабымыз әрдайым Стамбұл болады», - деді Түркия президенті митингке қатысушыларға.«Біз кез келген уақытта халықтың сөзін сөйлейміз», - деді ол. Еске сала кетейік, 14-мамырда Түркияда президент сайлауы өтеді.