Ердоған су жаңа түріктің Altay танкісін таныстырды

Ердоған су жаңа түріктің Altay танкісін таныстырды

Ердоған су жаңа түріктің Altay танкісін таныстырды
ашық дереккөзі
Түркия су жаңа Altay деп аталатын танкті сынақтын өткізді. Бүгін оны ел президенті Режеп Ердоған таныстырды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жаңалықты президент 23 сәуір күні өзінің Twitter парақшасында жазды. Altay – бұл аса ауыр салмақтағы (65 тонна), «Джавелин» зымыранына төтеп бере алатын танк. Танк атауын 1919-1923 жылдары Түркияның тәуелсіздігі үшін күрескен генерал Фахреттин Алтайдың құрметіне «Altay» деп қойған. Танк толығымен түрік қорғаныс саласының өндірушілерімен жасалып шықты. Тек кей қару бөліктерін оңтүстік кореялық Hyundai компаниясы жасаған. Танктің оқу ату жұмысын компьютерлік жүйе басқарады. Алғашқы кезеңде 250 дана танк шығару көзделіп отыр. Анкараның жоспары бойынша барлығы мыңға жуық әскери машина дайындалуы тиіс. Одан әрі даму кезеңінде экипажсыз танк шығару бар. Altay Түркияның BC, немістің Leopard және американың M60 танкілерінің орнын басуы тиіс.