Болат Назарбаевқа тиесілі «Барыс» автобазары мемлекет меншігіне өтті деп хабарлады turkystan.kz. Qazaqstan ұлттық телеарнасының хабарлауынша, іс Қарасай аудандық сотында қаралған. Ондағы материалдарға сай, 2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісімшарт жасалған. Прокурорлар сатып алу, сату келісімдерін жарамсыз деп танып, жерді қайтадан мемлекет меншігіне қайтаруды талап еткен. Нәтижесінде, Болат Назарбаевқа тиесілі 37 гектар аумақ қайтарылды.
Жүктелуде...