Дәрігер атыраулықтарға үндеу жасады

Дәрігер атыраулықтарға үндеу жасады

Дәрігер атыраулықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
Атырау облысында өткен брифингіде №7 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева тұрғындарға қазіргі уақытта бетпердесіз еш жерге шықпау керегін ескертті. Оның айтуынша, қалада тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұрған 130 мыңнан аса адам бар. Сондай-ақ ол көк түтін адам денсаулығына кері әсер ететінін жеткізді.
«Қатты қажет болмаса көшеге шықпауға кеңес беремін. Егер көшеге шықсаңыз медициналық бетперде, респиратор киіңіздер. Терезені ашпаңыздар, кондиционер мен ауа дымқылдатқышын қосыңыздар», - деді Гүлнафис Таңбаева.