Сенбі, 10 Маусым, 2023

Қазақстан чемпионатында ресейлік спортшы не істеп жүр? – спорт журналисі

Талдықорғанда суға жүзуден ел біріншілігі басталды. Оған Қазақстанның барлық аймағынан 250-ден аса атлет қатысып жатыр. Олардың арасынан ресейлік спортшы Виталина Симонованы көрген журналист Аслан Қаженов жарыс ұйымдастырушыларынан аталған жағдайға қатысты түсінік беруін сұрады деп хабарлады turkystan.kz.

«Дәл қазір Талдықорғанда жүзуден ішкі біріншілік өтіп жатыр. Ашық чемпионат емес, халықаралық жарыс емес. Жылына бір өткізілетін өз спортшыларымызға ғана арналған жарыс. Оған аймақтардың үздіктері жиналып, өзара мықтыны анықтауы қажет. Кейін жеңімпаздардан ұлттық құрама жасақталады. Жарысқа қатысушылар арасында ресейлік Виталина Симонованы байқап қалдым. Тіпті, ол 100 метрге брасс әдісімен жүзуде ең үздік нәтиже тіркеген. Түсінбедім. Ол қалай ішкі жарысымызға кіріп кетті? Оған рұқсатты кім берді? Сонда алдағы аламандарда ел намысын ресейлік Виталина Симонова қорғай ма?», – деп жазды Аслан Қаженов.

Ол құзырлы министрлік шұғыл осы мәселеге араласып, жағдайдың мән-жайын анықтауды талап етті.

 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Back to top button