Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды деп хабарлады turkystan.kz. Комитет төрағаларын депутаттар ашық дауыс беру арқылы сайлады. Мәжілістің комитет төрағалары: Аграрлық мәселелер комитеті – Серік Егізбаев; Әлеуметтік-мәдени даму комитеті – Асхат Аймағамбетов; Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті – Снежанна Имашева; Қаржы және бюджет комитеті – Мәди Тәкиев; Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті – Айгүл Құспан; Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті – Еділ Жаңбыршин; Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті – Нұртай Сабильянов.
Жүктелуде...