Депутаттық құрамды білім және ғылым өкілдері бастап тұруы заңдылық – Меруерт Тулебаева

Депутаттық құрамды білім және ғылым өкілдері бастап тұруы заңдылық – Меруерт Тулебаева

Депутаттық құрамды білім және ғылым өкілдері бастап тұруы заңдылық – Меруерт Тулебаева
ашық дереккөзі
Бүгін «AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды. Осы орайда, ЕҰУ Саясаттану кафедрасының доценті Меруерт Тулебаева партияның Мәжіліске ұсынған жаңа депутаттық құрамына қатысты пікір білдірді.  «Біріншіден, депутаттық құрамда жынысы, этникалық, аймақтық және т.б. бойынша сандық сипаттама сақталған. Ең бастысы, гендерлік квотаға сәйкес 8 әйел бар, яғни 20 пайыз, 35 жасқа дейінгі жастар үлесі - 4 және мүмкіндігі шектеулі 1 ескерсек, партия негізгі әлеуметтік топтардың барлығын қамтыған. Екіншіден, халық арасында беделге ие көшбасшылардың енуі партия жауапкершілігін арттырады. Мысалы, партиялық тізімде саяси қызметте жүріп, халық ықыласына бөленген Ерлан Қошанов, Асхат Аймағанбетов, салмақты қоғам қайраткерлері сауатты заң жобаларын жасауда тәжірибесі мол Айдос Сарым, Жанарбек Әшімхан, Жұлдыз Сүлейменовамен қатар, өзіндік пікірі мен бағыты бар жаңа тұлғалардың енуі партия жауапкершілігін анықтайды. Енді болашақта жаңа депутаттық корпус қоғам алдындағы беделі мен кәсіби деңгейін одан сайын арттырып, нақты іспен дәлелдей түсуі тиіс. Үшінші бір ерекшелік, депутаттық корпуста 40 депутаттың 12-сі өзге ұлт өкілдерінен, бұл да партияның сапалық көрсеткішті сақтауға тырысқанын байқауға болады. Төртіншіден, қызмет саласына байланысты депутаттық құрамды білім және ғылым өкілдері көш бастап тұруы заңдылық, себебі білімі мен ғылымы дамыған елдің болашағы жарқын, одан кейін орында дұрыс саяси шешім мен кәсіби заңдар қабылдай білуде саясаттанушылар мен заңгерлердің болуы да логикалық дұрыс таңдау. Билеуші партия бұл жолы сапалық және сандық көрсеткішті ескере отырып, халық қалаулыларын жасақтай алған, - деді Меруерт Тулебаева.