Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
ашық дереккөзі
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz. 1 доллар құны – 457,29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,97 теңге. 24 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 51 теңгеге төмендеп, 457,21 теңге болған. Ал Ресей валютасы 5,9 теңге болды. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 455-458 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 455-460 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75 – 6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,82 - 5,91 теңгеден саудаланып жатыр.