50293
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі деп хабарлады turkystan.kz.
1 доллар құны – 457,29 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,97 теңге.
24 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 51 теңгеге төмендеп, 457,21 теңге болған. Ал Ресей валютасы 5,9 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 455-458 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 455-460 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,75 – 6 теңгеге сатып алуға болады. Астанада көрші ел валютасы 5,82 - 5,91 теңгеден саудаланып жатыр.