50378
Қазақстан құрамасынан жеңілген Данияның бас бапкері күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстан құрамасынан жеңілген Данияның бас бапкері күтпеген мәлімдеме жасады
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстаннан жеңілген Дания құрамасының бас бапкері ойын жайында пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.
Айта кетейік, қазақстандық футболшылар елордада Даниядан 3:2 есебімен басым түсті.
Данияның бас бапкері Каспер Юльманн соңғы минуттарда өз құрамасының нашар ойын көрсеткенін атап өтті.
«Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтаймын! Алайда нәтижеге көңіліміз толмайды. Ойынның басым бөлігінде жақсы ойын көрсеттік. Ал соңғы 15 минут біз үшін өте қолайсыз болды. Бұл тактикаға қатысты емес, көңіл-күйге байланысты. Бұл көрсеткіш соңғы рет қайталанып отыр деп ойлаймын», - деді ол.Енді Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.