50732
Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлаған
Астанада ер адам 5 жасар қызды зорлаған
Астанада бес жасар қызды зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз әкесімен үйде, ал анасы жұмыста болған. Әкесінің досы үйіне келіп, олар ішімдік ішкен.
«Бір кезде әлгі ер адам қызды зорлаған. Қыздың анасы таңғы 6-да келгенде, ер адаммен көрген. Қыз қорқып: «Анашым, сен қайда кеттің? Бұл аға мені ренжітті», – деді ол.Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 8 наурызда Есіл ауданының полиция басқармасы ҚК-нің 124-бабы, 1-бөлігі «балаларды зорлау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркегенін хабарлады.
«Қорытынды шешім тағайындалды, тергеу нәтижесі бойынша сот шешімі қабылданады. Қылмыстық-процестік заңнамасының 201-бабы негізінде тергеу сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді», – деп хабарлады полициядан.