Тасжолда көліктен түскен әйелді басқа көлік қағып кетті

Тасжолда көліктен түскен әйелді басқа көлік қағып кетті

Тасжолда көліктен түскен әйелді басқа көлік қағып кетті
ашық дереккөзі
Жол апатына ұшыраған Toyota Estima көлігінің суреті әлеуметтік желіде жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, жол-көлік оқиғасы 18 наурыз күні Қалқаман кентіне жақын маңда болған. Шақыру сағат 00:32-де түсіп, жедел жәрдем 10 минутта жеткен.
«Бізге берілген ақпарат бойынша автокөлік жол үстінде болған әйел адамды соғып, одан кейін жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Оқиға орнында қызметкерлер 35 жастағы әйелдің көз жұмғанын анықтады», - деді жедел жәрдемде.
Сондай-ақ оқиға салдарынан 23 және 54 жастағы әйел адам мен 27 және 33 жастағы ер адамдар түрлі жарақаттармен Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілді.