Саяси науқан елдің қызығушылығын оятты – Әсел Назарбетова

Саяси науқан елдің қызығушылығын оятты – Әсел Назарбетова

Саяси науқан елдің қызығушылығын оятты – Әсел Назарбетова
ашық дереккөзі
Қоғамда белсенділігімен танылған адамдардың көптігі саяси бәсекені қыздыра түсті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Әсел Назарбетова мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Сайлауда халық өте белсенділік танытты, саяси науқан елдің қызығушылығын оятты. Бір мандатты сайлау округы бойынша сайлауға түсіп жатқан үміткерлердің де дайындығы жоғары болды. Республикалық маңызы бар қалалардағы бәсекелестік жоғары. Осы уақытқа дейін қоғамда белсенділігімен танылған адамдардың көптігі де саяси бәсекені қыздыра түсті», - деді саясаттанушы Әсел Назарбетова.
Саясаттанушының айтуынша, осы жолғы саяси науқан демократияға деген ұмтылыстың айқын көрінісі.
«Партиялардың арасындағы тартысты да көрдік. Бұл демократиялық қоғамның көрінісі. Әрбір сайлаушының дауысын алу үшін тартыс болып жатыр. Соңғы кездегі сайлауда мұндай бәсекелестік, жоғары қызығушылық байқалмаған. Дебат кезінде де көптеген мәселелер көтерілді. Сайлау науқаны эмоцияларға толы болды. Саяси науқан тиісті деңгейде өтіп жатыр. Қоғамның даму деңгейін көрсетеді. Адамдар дауыс беруге ағылып келіп жатыр. Мәслихат депутаттығына үміткерлерге де халық аса сақтықпен дауыс беріп жатыр. Парламентте де, мәслихатта да жаңа тұлғаларды көреміз. Мұның бәрі мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне көтеріледі дегенді білдіреді», - деді ол.