Маңғыстаулық егіз сарбаздар өз таңдауларын жасады

Маңғыстаулық егіз сарбаздар өз таңдауларын жасады

Маңғыстаулық егіз сарбаздар өз таңдауларын жасады
ашық дереккөзі

Ақтау гарнизонынында әскери борышын өтеп жүрген егіз сарбаздар Айбек пен Айдын Бұхарбол ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында таңдауларын жасап, дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz tumba.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Біз Отан алдындағы борышымызды адал атқарып, мемлекетіміздің патриоты ретінде, елімізді жарқын болашағы үшін осы маңызды іс-шараға белсенді түрде қатысып жатырмыз. Таңдауымызды әскери бөлімдегі сайлау учаскесінде жасадық және барша қазақстандықтарды сайлауға шақырамыз», – деді Айбек пен Айдын Бұхарбол.
Айта кетейік, сайлауға қатысып жатқан мерзімді әскери қызметшілердің басым бөлігі алғаш рет дауыс бергендер.