Жаңаруға бастаған Жолдау

Жаңаруға бастаған Жолдау

Жаңаруға бастаған Жолдау
ашық дереккөзі
Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін қоғам өзгеріске ұмтыла бастады. Жаңару кү­тіп, жақсылықтан үмітті болды. Бір жыл ішінде қаншама саяси оқиғалар бол­ды, бірнеше сайлау өтті, референдумнан соң заңдарға өзгеріс енді, жаңа облыстар құрылды. Осы бастамалардың бәрі тура бір жыл бұрынғы Президенттің Жол­дауын­да бағдарланған болатын. Нақтырақ тоқталар болсақ, 1995 жылдан бері ал­ғаш рет жалпыұлттық референдум өтті. Ата Заң­дағы тоғыз тараудың сегізіне, 98 баптың 33-іне тү­зету енгізіліп, үштен бірі жаңарды.
– 7 Конституциялық заңға, 15 ко­декс­ке және 29 заңға өзгерістер мен т­о­лық­тырулар енгізілді. Жаңа саяси реформалар қол­ға алынды. Енді Президент 7 жылдық мер­зімге бір рет сайланады. Сондай-ақ Мем­лекет басшысы саяси партияның м­ү­ше­с­і бола алмайды. Парламент пен мәс­ли­хат­тарды жасақтау тәртібі өзгерді, олар­дың өкілеттігі күшейді. Конституциялық сот құрылып, жұмыс істей бастады. Бұл рет­те аталған сот мүшелерінің өкілеттік мер­зімі Президент пен Парламент де­путаттарына қарағанда ұзағырақ болады. Сая­си партияларды тіркеу рәсімі жеңіл­де­тілді. Нәтижесінде, екі жаңа партия тір­кел­ді. Осылайша, мемлекеттік-саяси құ­ры­лымның жаңа үлгісі қалыптасып, билік тар­мақтары арасында тепе-теңдік орна-ды, – деп мәлімдеді Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Енді 19 наурызда Мәжіліс пен мәсли­хат­тардың депутаттары жаңа тәсіл­мен қайта сайланбақ. Сонымен, Жолдаудан кейін елімізде болған маңызды саяси оқиғаларға тағы бір шолу жасап өтейік. «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» 29 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу үшін жалпыреспубликалық ре­ферендум өткізуді ұсынды, ал 5 мамырда осы референдумды өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осылайша, елімізде 27 жылдан соң үшінші рет референдум өтті. Жолдауда саяси реформалар жө­нін­дегі бағдарламасын таныстырған Қасым-Жомарт Тоқаев реформаның алғашқы не­гіздері осы Президент билігінің супер-пре­зиденттік басқару формасынан Пар­ла­менті мықты президенттік республика тә­сіліне түбегейлі өту, «Мықты Президент – ықпалды Парламент – есеп бере тін Үкімет» формуласын жүзеге асыру екенін айтқан еді. – Мен бұған дейін айтқанымдай, Қа­зақ­станда суперпрезиденттік басқару үл­гісі қалыптасты. Қазір бізде барлығы Пре­­зидентке келіп тіреледі. Бұл – дұрыс емес. Біртіндеп бұдан бас тартуымыз қа­жет. Мен үшін мемлекеттің ұзақмерзімді мүд­десі биліктің қосымша мүмкіндіктеріне жә­не уақытша ықпалына қарағанда әл­де­қайда маңыздырақ. Президент өзінің өкі­леттігін атқару кезеңінде партияға мү­шелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. Барлық аза­маттарға бірдей мүмкіндік берілетініне Мемлекет басшысы мызғымас кепіл болу­ға тиіс. Сондықтан Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жү­зінде тыйым салынады. Мұндай нор­ма­ны Конституцияға енгізсек те артық бол­майды деп санаймын. Президенттің өкі­леттігі неғұрлым көп болса, ол соғұрлым шек­сіз биліктің иесіне айналады, – деген еді Президент. Референдум негізінде қабылданған өзгерістер бойынша, енді Прези­дент саяси партияға мүше бола алмайды, Пре­зиденттің жақын туыстары лауазымды қыз­мет атқара алмайды. Президенттің әкім­дерге байланысты өкілеттігі қыс­қар­ды. Лауазымды қызметке тағайындауға бай­ланысты да құзыретіне өзгеріс енді. 22 қыркүйекте Мемлекет басшысы 20 қара­шада кезектен тыс Президент сай- лауын өткізу туралы Жарлыққа қол қой­ды. Бұл референдум бекітілгеннен кейін саяси жүйені қайта құрудың алғашқы баспалдағы болды деген пікірлер айтылды. Өкілді билік тармағындағы өзгерістер 19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті таратып, мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тура­лы шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сайлау күні нақты 19 наурызға бекітілді. Бұл жолғы сайлау жаңа саяси жүйені құру­ға бағытталған өзгеше қадам болады деп сендіреді жауаптылар. Өзгешелігі сол – депутаттар құрамының белгілі бір бөлігіне ха­лық жекелей дауыс беретін болады. Яғни, сайлау жүйесі өзгереді. Сол арқылы конс­титуциялық реформалар жалғасып, сая­си институттар жаңарады деген сенім бар. – Біз Президенттің өкілеттігін біртін­деп қысқарта отырып, Парламенттің рө­лін айтарлықтай арттыруымыз керек. Осы орай­да мен Президенттің Сенаттағы кво­­­тасын 15-тен 10 депутатқа дейін азай­ту туралы шешім қабылдадым. Парламент­тің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс. Ешкімге жасанды артықшылық берілмеуі керек. Осылайша, біз Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының Мәжілістегі квотасын жоямыз. Ал біздің Сенат әр өңіріміздің мүддесін қорғайтын палатаға айналуға тиіс. Соған сәйкес оның өкілеттігін ре­фор­малау қажет, – деген еді Мемлекет бас­шысы. Бұған дейін Сенат қайта жасақталған бо­латын. Енді Мәжіліс пен мәсли­хат­тар сай­лауына санаулы күн қалды. – Пропорционалды-мажоритарлы үл­гіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық жә­не өңірлік деңгейде толық көрініс таба­ды. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады. Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қа­лалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам – партия­лардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай ала­ды. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азамат­тар­дың Мәжіліске келуіне мүмкіндік бере­ді, – деді Мемлекет басшысы Жол­дауында. Қазіргі кезде мәлім деректерге сүйен­сек, Мәжіліс депутатына кандидат болуға 609 адам өтініш берген. Оның 483-і тір­кеуден өткен. Сонымен қатар биыл жаңа екі саяси партия құрылды. – Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңіл­дейді. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мың­нан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңір­лер­дегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға тө­мендетіледі. Партия құру үшін азамат­тар­дың бастамашыл тобының ең төменгі са­ны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адам­ға азаяды. Сондай-ақ құрылтай съезін өт­кізуге және филиалдарды құруға бері­летін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді ли­бералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті да­мыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проб­ле­маларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр­ғы наурыздағы Жолдауында. Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Конститу­ция­лық Сот өз қызметін бастады. Яғни, әрбір аза­мат өзінің конституциялық құқығы мен бостандығын тікелей осы орган арқы­лы қорғайтын мүмкіндікке ие болуы ке­рек. Қаңтар оқиғасынан кейін 1993 жылғы Ата Заңды және сонымен бірге осы Конс­ти­туциялық сотты қайтару мәселесі бір­не­ше рет айтылған еді. 1991 жылғы 16 жел­тоқсанда Қазақстанның Жоғарғы кеңесі қабылдаған тәуелсіздік туралы консти­ту­циялық заң да Ата Заңды қорғайтын жоғарғы орган – Конституциялық Сот еке­ні ашық айтылды. Конституциялық Сот 1992 жылы құрылды. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған тұңғыш Ата Заңда Конституцияны қорғайтын биліктің жо­ғарғы органы ретінде Конституциялық сот бекітілді. 1995 жылы Жоғарғы Кеңес та­ра­ғаннан кейін қабылданған 1995 жыл­ғы жаңа Конституцияда Конституциялық Сот болған жоқ. Оның орнына лауазымы жо­ғары, шенділер ғана жүгіне алатын Конс­титуциялық Кеңес атты ұйым құрыл- ған болатын. Енді Конституциялық Кеңестің орнын қайтадан Конституциялық Сот алмастырып отыр. Конституциялық Сот дербес және мемлекеттік органдардан, ұйым­дар­дан, лауазымды адам дар мен аза­мат­тардан тәуелсіз болады, Қазақстан Рес пуб­­­­ликасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа ала­ды, саяси және өзге де уәждерді негізге ала алмайды. Әділ сайлау – әділеттілік негізі «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жол­дауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасының Конс- титуциялық заңы бойынша енді аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкім­дері де сайланады. Бұл – ауыл әкім­дерін сайлаудың логикалық жалғасы. Президент Жолдауында Прези­дент­тің кей өкілеттіктерін қысқартып және әкімдерді тіке лей басқару құзыретін кемітіп, әкімдер мен мәслихаттарға ше­шім қабылдау кезінде дербестік беру тура­лы сөз қозғаған еді. – Сондай-ақ байқаушылардың қыз­ме­тін заңмен реттеу керек екені айтылды. Аумақтық сайлау комиссиясының жұмыс тә­сілін қайта қарау да тапсырылды. – Демократия тарихы дегеніміз – ең ал­дымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру та­ри­хы. Сондай-ақ сайлау заңнамаларының сақталуын бақылау тарихы деуге болады. Осы орайда, мен байқаушылардың құқық­тары мен жауапкершілігі нақты белгіленуге тиіс деп санаймын. Енді аумақтық сайлау комиссиялары­ның жұмыс тәсілін қайта қараған жөн. Олар бұл іспен кәсіби түрде айналы­суы қажет. Біз бір азаматтың екі рет дауыс бер­уін болдырмауға тиіспіз. Сондай-ақ аза­маттарымыз кез келген учаскеде дауыс бе­ре алуы керек. Сол үшін сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру мүм­кіндігін қарастыру қажет. Жекелеген тұл­ға­лардың сайлау барысына ықпал етуіне жол бермеу үшін сайлау қорына салына­тын қаржының жоғарғы шегін нақтылау керек. Конституция және халықаралық құ­қық бойынша Қазақстандағы кез кел­ген сайлау – біздің ешкім араласуға қақы жоқ ішкі ісіміз. Бірақ бұл норма сайлау нәти­жесіне шетелден ықпал етуге әрекет жа­сау ықтималдығын жоққа шығармайды, – деді Президент. Жаңа облыстар – аймақтарды жаңғыртудың алғышарты Жолдаудан кейін еліміздің әкім­ші­лік-аумақтық құрылымы да өзгерді. Абай, Жетісу және Ұлытау облыс­та­ры құрылды. Алматы облысының орта­лы­ғы Қонаев қаласына көшті. Бұл жаңа­лық аталған аймақтағы халықтың үмітін маздатып, бір серпілткендей болды. Мемлекет басшысы үш өңірдің түйт­кілді мәселелеріне жеке-же­ке тоқталып, бұл шешім өңірлердің әлеуе­тін қайта көтеру үшін жасалған шешім еке­нін айтқан еді. Президент Түркістан об­лысының жеке өз алдына бөлек аймақ атануы сол өңірге де, Түркістан қаласына да жаңаша серпін беріп, екінші тынысын ашқанын мысалға келтіріп өтті. – Жалпы, жаңа облыстардың құры-луы – көпшіліктің көкейінде жүрген мә­се­ле. Кезінде облыс мәртебесінен айы­рыл­ған өңірлерде тұрғындар саны азайып, тұр­мыс сапасы төмендеп кеткені жасырын емес. Осы олқылықтың орнын толтыра­тын кез келді. Әкімшілік-аумақтық өзге­ріс­тер мемлекеттік басқару үдерісін жеңіл­детеді. Жұрттың облыс орталығына барыс-келісін оңайлатады. Ішкі көші-қон мә­селесін реттеуге септігін тигізеді, – де­ген еді Президент. Жолдауда Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің таратылатыны айтыл­ған еді. Президент оның орнына ауқымы кеңірек, жаңа дан құрамдалған Ұлттық құрыл­тай құруды ұсынған болатын. Осы­лайша, тұңғыш рет Ұлттық құрылтай өтті. Оның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлы­тауда ұйымдастырылды, екінші оты­рысы киелі Түркістанда өтеді деп жоспарланып отыр. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі тара­ты­лып, орнына Ұлттық құрылтай құ­рылады дегеннен-ақ оның маңызды мә­селелерді талқылау үшін тұрақты түрде ша­қырылып отыратыны айтылды. Яғни, се­нім кеңесінің жұмысы одан әрі кеңей­тіл­ген түрде жалғасып, тың бастамалар кө­теріледі, мәртебесі де жоғары болады. Құра­мына белгілі қоғам қайраткерлері, өн­діріс және ауыл шаруашылығы са­лаларында еңбек ететін азаматтар, кәсіп­кер­лер және басқа да қоғам белсенділері ша­қырылатыны, одан бөлек аймақтағы қо­ғам­дық кеңестердің атынан кем дегенде бір адам мүше болатыны сол кезден бел­гілі болды. Яғни, қоғамдық кеңестердің бәрі Ұлттық құрылтайға топтастырылды. Осы арқылы халықтың билікке жетпей жатқан базынасы мен талап-тілегі тегіс тыңдалып отырады деген үміт бар. – Үкіметке әкімшілік-аумақтық құры­лым­ға қатысты мәселелерді мұқият сара­лап, оны іске асыру жолдарын ұсынуды тап­сырамын. Бұл – оңай шаруа емес. Оның бәрін жан-жақты ойластырып, байып­пен жасауымыз керек. Бұл ұсыныс­тар облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппаратындағы мем­лекеттік қызметшілер санын оңтай­лан­дыру жөнінде шаралар қабылдауға да мүмкіндік береді. Оларды қысқарту өңір тұрғындарының санына қарай жүзеге асы­рылады. Қалай болғанда да, әкімнің орын­басарлары үшеуден аспауы керек. Ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқ­сат беріледі. Президент Әкімшілігі бұл мә­селені бақылауына алуға тиіс, – деп тап­сырма берілген еді сол кезде. Қазір өңірлердің қадамы нық, көр­сет­кіштері де көңілге қонымды. Ұлттық эко­номика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жыл­ғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеу­мет­тік-экономикалық даму қорытын­ды­лары туралы баяндады. Баяндамасында өңірлердегі ең жоғарғы көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелгенін айтты. Өңдеу өнер­­­­кәсібі қарқыны бойынша да өңір 2 орынға шыққан. Ал барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім байқалған 6 өңірдің ішін­де Абай облысы алғашқы орында тұр. Қорыта айтқанда, былтырғы наурыз­дағы Жолдауда айтылған бастамалардың басым бөлігі орындалып, қолданысқа еніп отыр. Оның нәтижесі туралы нақты айту­ға әлі де ертерек, дегенмен әуелде айтыл­ған уәделер жүзеге асатынына сенім мол.