Сенсация: технология әлеміне ChatGPT-4 келді

Сенсация: технология әлеміне ChatGPT-4 келді

Сенсация: технология әлеміне ChatGPT-4 келді
ашық дереккөзі
51020
2022 жылдың қараша айынан бастап әлем ChatGPT деп аталатын чат-ботпен танысты. Енді міне, OpenAI өзінің «мұрагері» деп атап отырған ChatGPT-4 соңғы нұсқасын ұсынды. Жаңа нұсқа сенсация алып келді. Себебі, бұрынғы нұсқада ән жазуға, өлең құрауға, хат жаздыруға, кез келген ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік туған болса, ChatGPT-4 жүктеген суреттегі заттарға түсініктеме бере алады. Мысалы, белгілі бір дайын тамақтың суретін жүктесеңіз, чат-бот сізге сол тамақтың қоспаларын, құрамын автоматты түрде өзі ұсынады.  Бұрынғы нұсқаға қарағанда бұл чат-бот 25 000 сөзге дейін мәтін дайындайды. Бұл ескі нұсқадан 8 есеге көп.  OpenAI GPT-4 қауіпсіздігі үшін алты ай жұмсағанын және оларға адамдардың пікірлерін үйреткенін айтты. Алайда ол әлі де жалған ақпарат таратуға бейім болуы мүмкін екенін ескертті.  width= ChatGPT-4 айына 20 АҚШ долларын төлеп отырған, ChatGPT Plus бөлімін пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Серіктес жаңалықтары